- Жұлдызым жоғары

Жұлдыздар жорамалы

Тоқты

Дағдылы істер барысында да қиындықтар туындауы мүмкін. Іскерлік әріптестікті жоғалтқыңыз келмесе, өзіндік артықшылық сұрамаңыз. Сауда-саттық барысында қаражатқа ыждағатты болыңыз.

Торпақ

Ауа-райы салқын болғанмен, көңіліңіз жарқын. Жаңа бастамалардың дер шағы. Басқалар қолын бір-ақ сілтеген іске сіздің білек түріп кірісіп, жап-жақсы пайда табуға мүмкіндігіңіз бар.

Егіздер

Бос қиялға уақыт жоғалтпаңыз. Ойға алған істі кешеуілдетпей қолға алғаныңыз жөн. Апта соңында кейбір мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік бар.

Шаян

Жұмысбастылықты сылтауратпай шақырған жерден қалмаңыз. Жаңа таныстық жақсы әсерге бөлейді. Және кәсіби тұрғыда да пайдалы болмақ. Сауда-саттықта жолыңыз болады.

Арыстан

Айналыңызда қолдап, қолпаштайтын адамдар табылады. Дегенмен, әлдебіреулерге қарыз болғаннан гөрі, өз күшіңізбен қарекет еткеніңіз жөн. Сондай-ақ өзіңіз үшін өз ақылыңыздан артығы жоқ екенін ескеріңіз.

Бикеш

Күрделі де, қызғылықты уақыт. Қиындықты жеңіп, ойдағыны орындауға болады. Ішкі түйсігіңізге сеніңіз де, қарекет етіңіз.

Таразы

Көлденең келген мәселеге көз жұмуға мүмкіндік жоқ. Дұрысы дер кезінде шешімін табыңыз. Содан соң ой мен бойды сергітер бірер күндік демалысқа баруға да болады.

Сарышаян

Айналаңыздағы кейбіреулермен тіл табысу қиынға түседі. Төзімділік танытыңыз. Мүмкін өз-өзіңізден шала бүлініп жүрген боларсыз. “Сыйласаң, сыйлы боларсың” дегенді ұмытпаңыз.

Мерген

Қат-қабат шаруаның бірін бастап, бірін тастауға тура келеді. Барлығын ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ өзіңіз еңсеруіңіз керек. Өйткені қолдан келмейтін шаруа емес. Демалысқа да уақыт қалдырыңыз.

Тауешкі

Отбасында сүйіншілер жаңалық болмақ. Әзірге отбасын құрмағандар қатарынан болсаңыз, тартымды таныстық мүмкіндігі бар. Жаңа бастамаларға да жол ашық. Тек дереу нәтижеден дәмеленбеңіз.

Суқұйғыш

Көңіл-күйіңіз құбылмалы. Іс барысында болғаннан гөрі, жоба-жоспар барысында болмақсыз. Қалайда уақытыңызды көңіл-күйдің құрбаны етпегеніңіз жөн. Іскерлік әріптесті таңдауда ыждағатты болыңыз.

Балықтар

Әрдайым белсенділікте бола алмайсыз. Дегенмен, кейде ағыспен жүзіп, діттеген жерге жетуге болады. Яғни, күш-қуатты үнемдеп, жағдайға қарай қарекет етіңіз.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған