- Жаңалықтар

“Ордамен” кімдер баспана алады?

Сырбойылықтардың баспанаға қол жеткізуі үшін “Орда” бағдарламасы жарияланғаны белгілі. Көпшілік көкейінде “Орда” бағдарламасымен кімдердің үй алатындығын білгісі келетін сауал бар. Орайы келгенде бағдарлама мәнісін “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаев түсіндірді:

  • Сырбойылықтарға арналған “Орда” тұрғын үй бағдарламасының бір ерекшелігі, баспана алғашқы жарнасыз, кейін сатып алу құқығымен жалға беріледі. Бұл бағдарлама бойынша кімдер баспаналы бола алады дегенге келсек, олар: жергілікті атқарушы органның тұрғын үй кезегінде тұрғандар. Анығын айтқанда: көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, І,ІІ топ мүгедектері, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері қатыса алады.

Бағдарламаға қатысуға мүмкіндігі бар келесі топ, олар – жас отбасылар. Оларға қойылатын талап, ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 35-ке толмаған, некеде 2 жылдан кем емес тіркелген болу. Сонымен қатар толық емес жас отбасылар қатыса алады.

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын талап –  “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” салымшысы болу. Депозиттік шотта тұрғын үйдің ай сайынғы жарнасының 12 реттік мөлшерінде қаржысы болуы керек. Екі бөлмелі үйге қол жеткізу үшін 8 жылдық жалға алу төлемі негізінде айына 35 000 теңге, одан кейінгі 11 жыл төленетін қарыз сомасы 32 200 теңгені құрайды. Ал, үш бөлмелі пәтерге ие болу үшін 8 жыл бойы айына 43 800 теңгеден, қалған 11 жылда 40 480 теңгеден төленеді.

Бөлісіңіз

1 thought on ““Ордамен” кімдер баспана алады?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған