- Бай ауыл

5 айда 1283 азамат “Бизнес кеңесшіні” оқыса, 1330 адам кезекте тұр

Бизнестің қыр-сырын үйренгісі келетіндер  қатары күн сайын көбейіп келеді. Дәлел ретінде айтар болсақ, “Бизнес кеңесші” оқу курсын оқуға ынталылардың көптігі.

Палата директорының айтуынша, кәсіпкерлер палатасында сұранысқа ие жобалардың бірі – “Бизнес – кеңесші” оқу курсы. Кәсіпкерлер палатасы өткен жылдың өзінде “Бизнес – кеңесшінің” аясында 800 адамды оқыту міндеттемесін алса, іс жүзінде 1555 қызылордалықты оқытқан. Нәтижесінде 96 азамат өз ісін бастаған. Жыл басталғалы палата бизнес тренерлері 1283 азаматты оқытқан. Оның ішінде 758 қызылордалық облыстық әкімдік жариялаған инновациялық жобаларға арналған гранттарға қатысушылар. Қазірдің өзінде палатада 1300 адам “Бизнес кеңесшіні” оқуға кезекте тұр. “Бизнес-кеңесшіні” оқыған азаматтар арасында биылғы жылдың 4 айында 27 азаматтың жалпы құны 88,9 млн. теңгені құрайтын жобалары қаржыландырылған.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған