- Бəрін білгім келеді

Бала өмірінің алғашқы 3 жылы аса маңызды

Ана-аналар өз баласынан үлкен үміт күтіп,үміті ақталған сәттерде көңілі шарықтап, шаттанып, ал үміті желге ұшқандай болған сәттерде, бар кінәні баладан көріп,кей жағдайда теріс айналып жатады. Дегенмен, үлкен үміттің желге ұшу себебінің өзегі ата-ананың өзі екендігін көп жағдайда мойындағысы келмейді. Мұның алдын алуға болады.

Бала дүниеге келерде ата-анасынан тұқым қуалап туылады. Осы арқылы бала кімге ұқсайтындығы,даму ерекшеліктері,болашақ бала туралы  ақпараттар айқындалады. Баланың денсаулығы қаншалықты мықты болуы  тұқым қуалаушылыққа байланысты. Дегенмен, ғалымдар денсаулықтың көптеген жағдайда  ықпал етуімен  қалыптасатындығын дәлелдеді. Ұрықтанудан бастап 3 жасқа дейінгі алғашқы  3 жыл, осы уақыт аралығында дұрыс даму үшін нәрестенің мүшелерінің және жүйелерінің толысуына,алғашқы күннен бастап сау болып өсуіне ұрықтануынан бастап баланың 3 жасқа дейінгі ұзақтығы 3 жылға созылатын жолды ата-ананың қалай өткізгеніне байланысты. Ата-ана мұны  үнемі жадында ұстап, ұсынылатын нұсқаулықтар мен ақыл-кеңестерге құлақ асып, орындаса жөн.

Бұған: 1. Болашақ ананың жүктілік кезеңіндегі ауруларға шалдығуы,еңбек-демалыс тәртібіндегі ауытқулары, еңбек жағдайындағы  зиянды заттардың әсер етуі, тамақтану үрдісі, созылмалы,тұқым қуалайтын аруларынын болу-болмауы, ата-ананың зиянды әдеттері (темекі шегу, спирттік ішімдікке әуестік,нашақорлық) қоршаған орта ауасы, су сапасы ісер етеді.

  1. Көптеген зерттеулердің қорытындысы бойынша, ұрықтанудан бастап 3 жасқа дейінгі уақыт аралығы адам миының өсуі және қызметі үшін аса маңызды уақыт болып табылады. Сол себепті дәл осы уақыт аралығында сәбиге құнарлы ас, сапалы медициналық қызмет, қамқоршысы тарапынан мейірім-шапағатқа толы қарым-қатынас, қажетті күтім, үнемі қолдауды сезінуі  өте маңызды. Ерте балалық шақта сәби үшін жасалып, жасалмаған іс-әрекеттер оның тұлға болып қалыптасуына оң немесе кері әсерін тигізеді.Осы жылдары мидың  даму сапасы ,баланың физикалық және психикалық денсаулығына, үйренгіштік қабілетіне, мінез-құлқының қалыптасуына, ата-анасына, жақын  туысқандарына  бауыр басуы, оларға сүйіспеншілік көрсете білу, қоғамда қарым-қатынас жасау, бейімделгіштік  қасиеттеріне өз әсерін тигізетіні сөзсіз.

Ендеше, барлық ата-ананың өміріндегі басты мақсатының айқындалып, армандарына жетуіне,  өз ұрпағының дені сау, жаны таза, қоғамда өз орнын таба білетін, мейірім –шапағаттқа толы, тастанды бала, қамқорлық ата-ана мәселесіне бейжай қарамайтын ұрпақ болуына негіз болуы мүмкін себептер жөнінде балалар дәрігері ретінде  өз білгенімді бөліскім келеді.

Біріншіден сәбидің құнарлы тамақтануына тоқталсақ :балаларды ерте жастан дұрыс тамақтандырмау инфекцияға қарсы тұру қабілетінің төмендеуінен болатын аурулармен жиі ауруына, сондай-ақ физикалық және психоәлеуметтік дамуының кенжелеуіне әкеліп соғады. Балалардың  өмірінің алғашқы жылында неғұрлым тезірек өсетінін атап өткен жөн. Сөйтіп, ана сүтімен қоректенген бала аптасына шамамен 200г салмақ қосады және дене ұзындығына 1 см-ге таяу қосып отырады.

Сәби шақта тамақтандырудың ең жақсы қайнар көзі-ана сүті болып табылады. Алғашқы 6 айда  ана сүті баланы тамақтандырудың жалғыз тәсілі болуы тиіс. Ана сүтінде  тез өсіп келе жатқан бала ағзасының қажеттіліктерін жабатын қоректік заттардың барлығы бар. Ол тек баланың қалыпты өсуін ғана емес, танымдық қабілеттерін дамытуды, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы дені сау болуына, ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуына, екеуара бауырмашылығының артуына ықпал етеді және себепкер болады. Кей жағдайда тастанды бала және қараусыз ата-ананың болдырмауға әсер етууі мүмкін.

Баланы тамаққа үйрету мен отбасы дастарханынан тамақтандыруға көшіру маңызды кезең болып табылады. Тамақты пайдалану кезеңі, яғни ана сүтімен қоректенуді басқа тағамдармен толықтыруда баланың сапасы төмен  тағамдарға ерекше сезімталдығын ескеру керек. Бұл кезең балалардың тез дамитындығымен, дегенмен тамақты көп мөлшерде пайдалана алмауымен байланысты. Сондықтан нәрлі заттардың барабар құрамымен қамтамасыз ету үшін баланың ішіп жүрген тамақғының құнары жоғары болу керек.

Ана сүтімен қоректенудің  бала үшін тиімділігін қарастырар болсақ:

Бала үшін:

  • Анасымен тығыз қарым-қатынас балаға қорғаныш сезімін бере отырып,баланы тыныштандырады,емізген кездегі қарым-қатынас баланың эмоционалдық,әлеуметтік және физикалық дамуын арттырады
  • Ағзаға толыққанды нәрлі заттардың,микроэлементтердің,дәрумендердің,ферменттердің түсуін қамтамасыз етеді;
  • Асқазан-ішек жолынының қызметін реттейді (диспепсиялық аурулардың жиілігі мен ұзақтығын азайтады);
  • Иммунологиялық қорғаныс туғызады (ана сүтімен қоректенген балалар жасанды тамақтанатын балаларға қарағанда 2,5 есе аз ауырады және олардың ішінде 6 айлық балалардың диареядан шетінеу 25 есе аз болады,респираторлық инфекциялардан қорғауды қамтамасыз етеді,құлақтың қабынуы және оның жиілігі азаяды );
  • Нәрестелерді некроздық энтероколиттен, бактеремиядан, менингиттен, ботулизмнен және несеп шығару жолдарының инфекциясынан қорғауы мүмкін;
  • Дені сау баланың мезгілсіз шеттінеу синдромы қаупінің азаюы мүмкін;
  • I типті қант диабеті және ас қорыту жолының қабынуы сияқты аутоиммундық аурулардың азаюы мүмкін;
  • Сиыр сүтіне аллергияның дамуы азаюы мүмкін;
  • Неғұрлым өскен кезде семіздік қаупін төмендетуі,өскенде жүректің ишемия ауруының алдын алуы мумкін;
  • IQ шкаласы бойынша ақыл-ой дамуының көрсеткіштері жоғарылайды;
  • Еңбек-тамақ стереотипін қалыптастырады;
  • Тістердің түйісуін дұрыс қалыптастырады.

Тек  ана сүтімен қоректену шамамен 6 айға дейінгі балалардың көпшілігінің тағамға деген  қажеттіліктерін толықтай қанағаттандырады. Алайда бала есейген,үлкенірек және белсендірек болған сайын жалғыз ана сүті қанағаттандыра алмайды. Бұл қажеттіліктерді жабу үшін баланың ерекше тағамға деген және физиологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған арнайы аралық тағам, яғни тағамға арналған өнімдер қажет. Бірақ жиналған сүттің көлемін сақтау және сүттің көп шығуы үшін аналар балаларына тамақ берумен қатар, мүмкіндігінше  емізуді 2 жасқа дейін жалғастыруықажет. Солай бола тұрса да, емізуді жалғастыру мүмкін болмайтын сәттер кездеседі. Баланы емізуді сүтін тоқтатып,қандай да бір басқа тамақ бермес бұрын мына жайларға назар аударыныз:

  • Өнеркәсіп өндірісінің балаларға арналған тағам қоспалары баланың жас ерекшелігіне сәйкес болу керек.
  • Бұл қоспаларда баланы инфекциядан қорғайтын ана сүтінің қасиеттері жоқ.
  • Бұл қоспаларды пайдалану қымбатқа түседі.
  • Бұл егер әйелдің жүктілікке қарсы құралдарға оңай қол жеткізу мүмкіндігі болмаса,баланың тууы мен ана денсаулығының нашарлауы арасындағы интервалдың қысқаруына алып келеді.
  • Ана сүті ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысқа әсерін тигізеді. Ана сүтімен қоректенбеген балалардың емген балалар секілді мейірім көруіне аналар көмектесу қажет.

 

Кей жағдайда ана сүтін сиыр сүтіне не ешкі сүтіне ауыстырып жатады. Мұндай жағдайда ескеру қажет: Сиыр сүтін балаға 9 ай толғанша тамақ ретінде бермеген дұрыс. Егер бала балаларға арналған нәрлі қоспамен тамақтанса, сиыр сүтін 9-12 ай аралығында тамақ рационын қосуға болады, әрине қаражат жетсе, 12 айға дейін  нәрлі қоспамен тамақтандырған жөн. Ешкі және қой сүтін 1 жасқа дейін пайдаланбаған дұрыс, өйткені оның микробиологиялық қауіпсіздігі үнемі бірдей сақтала бермейтіндігі ескеру қажет. Сондай-ақ құрамында қант мөлшері көп болғандықтан,тәтті қосылған қойытылған сүтті де бермеген жөн, негізі 3 жасқа дейін тамаққақант, тұз, дәмдеуіштер қосуға, шай беруге тиым салынады.

Тамақ беру, яғни, балаға 6 айдан бастап ана сүтіне қосымша тамақ  берілуі.Тамақ беруге қойылатын талаптар:

  • Тамақ беруді уақтылы енгізу
  • Нәрлілік құндылығы бойынша барабарлық
  • Тамақ беру жиілігі мен санының жеткілікті болуы
  • Тамақтың қауіпсіздігі

Қосымша тамақ үшін ұсынылатын азық-түлік: ет, балық, бауыр, көкөністер, жемістер (қою жасыл және қызғылт,сары-жасыл түсті);бұршақ тұқымдастар.Әр тамақтандырған сайын тамақтың алуан түрлі болуын қамтамасыз етіңіз. Тамақ ішуді кеш бастаған балада өсуі мен дамуы қатарластарынан төмен болады және денсаулығында кінәраттары болады. Тамақ қою болуға тиіс ( батырылған қасық баяу батуы керек). Сорпа мен сұйық тамақтар беруге болмайды. Қою тамаққа 1 шай қасық өсімдік майын,сары май немесе үй қаймағын қосқан дұрыс.Тамақты біртіндеп,кезең-кезеңмен беру керек. Мұның үстіне емізу қатар жүруге,бала қанша сұраса сонша ,ең кем дегенде тәулігіне 6 рет беру керек. Баланың тағамының көлемі мен энергетикалық құндылығы қашанда жас ерекшелігіне сәйкес келуі тиіс.Тамақты алдымен жарма тағамдары (күріш, қарақұмық,) немесе көкөніс езбесі (картоп, сәбіз, шалқан, қырыққабат, кәді,) банан, алма, алмұрт, шабдалыдан езбе түрінде жемістер, одан кейін майсыз ет түрлерінен езбелер, бұршақ тұқымдастардан (қабығы алынып, әбден пісірілген) езбе беріледі. Тамақтың көлемін екі шай қасықтан бастап, бірте-бірте көбейте отырып, жасына сәйкес көлемге жеткізу қажет. Оның жаңа дәмге үйренуіне уақыт қажет, бірінші рет берілетін тамақ жылы, өте жұмсақ, әбден езілген, ешбір түйірсіз, езбе деңгейіне жеткізілген болуы қажет екендігін ұмытпаңыз.

Жаңа тамақты қосу үдерісін созбаңыз, 7 айға қарай сәби тамақтың барлық дерлік түрін (ет, көкөніс, бұршақ тұқымдастар, жармалар, жемістер) жеуге тиіс және күніне 3 рет тамақ жеуі керек. Егер бала  жаңа тамақ жеуден бас тартса,оны мәжбүрлеудің қажеті жоқ,оны келесі жолы беріңіз. Ата-анасы оның дәмді екенін балаға көрсетіп, тамсанып өздері дәмін татып көруге тиіс. 7 айға дейін жұмыртқа, жаңғақ, балық және теңіз тағамдарын беруге болмайды, сондай-ақ арпа, бидай, сұлы жармасын бермеген дұрыс. Тамақпен бірге бала сұйықтықтарды да (су,жеміс шырыны) қабылдауға тиіс. Оны балаға емізік кигізілген бөтелкемен емес, қасықпен немесе арнайы ыдыспен беру керек. Емізік кигізілген бөтелкенің бірқатар кемшіліктері бар:баланы кеудеге дұрыс салу бұзылады,бала омырауды,емізік тәрізді сора бастайды,сүтті сора алмайды және сүттің шығуына ықпал ете алмайды,бөтелке мен емізікті тамақ қалдықтарынан тазарту қиынға түседі, сондықтан инфекция жұғу қаупі артады.

Емшек емген жағдайда, 6-7 айлық балаға 10 ас қасық (150 мл ), 8-10 айлық 12 ас қасық (180 мл), 11-12 айлық (225 мл), 12 айлық-2 жаста  300 мл (1,5  стакан), 2 жаста және одан асқан балаға 350 мл   (толық 2 стақан), ембейтін жағдайда 6-12 айлығында 225 мл, 12-24 айлығында 250-300 мл тамақ жеуі тиіс. Баланың қолына үлкен емес ,шайнауға ыңғайлы тамақтың бір бөлігін беру керек. Сәбидің тамақты өз бетімен жеуіне мүмкіндік беру қажет, бірақ оған көмектескен дұрыс.

Тамақтың қауіпсіздігін бақылау үшін дайындаған кезде гигиеналық талаптарды сақтаңыз! Таза және қайнатылған суды,бактериялық және химиялық ластану қаупі жоқ азық-түлік тағамдарын пайдаланыңыз. Баланың тамақ ішетін ыдысы бөлек болғаны дұрыс.

Тамақ ішу үрдісі балаға тек қарын тойдыру үшін ғана емес, сондай-ақ қызықты болуға тиіс. Тамақ ішу балаға танымдық әрі ойын сәті секілді болуы, жағымды сезім қалдыруы керек. Осы жастан бастап ата-аналар тамақ ішумен байланысты баланың бойында гигиеналық (ауыз қуысының гигиенасы, қол жуу, алжапқыш тағу, майлық пайдалану және т.б) дағдыларының қалыптасуына ықпал етуге тиіс. Бала тамаққа өзіндік қары-қатынасы арқылы өзінің дұрыстығын дәлелдегісі келеді. Сөйтіп,оның бойында тәуелсіз болу сезімі қалыптасады, ол бәрін өзі істегісі келеді. Осылай жүріп ол бәрін былғайды, көптеген артық қимылдар жасайды, бірақ мұның бәрінің де баланың дамуы үшін маңызы зор.

Мира БАЙБОЛОВА

Астана қаласы, №13 қалалық емханасының

жоғары санатты балалар дәрігері

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған