- Фотобаян

Балалардың шеруі

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күнінде балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі болып өтті. Бұл музыкалық шеру еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кең көлемді республикалық акция. Акцияның мақсаты жасөспірімдердің рухани адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру, балаларға қолдау білдіріп, олардың шығармашылығын дамыту болып табылады.

«Достық» үйінен бастау алған шеру орталық алаңға дейін жалғасты. Қала көлеміндегі шеру сапында  5000 оқушылар мен колледж студенттері болды.

Шерушілер қатарында үрмелі соқпалы аспаптар, барабанешылар, мажореткалар, черлидерлер, орыс және қазақ ұлтының ұлттық аспаптарында ойнайтын оркестрлар, бишілер, балалар хоры және имиждік топтардың қатарында жас ұландықтар, спортшылар, жол инспекторлары да бар.

Балалар құқықы,ын қорғау күні  ұйымдастырылған шеру биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Биылғы музыкалық шеруге облыста 14 мыңға жуық оқушылар қатысты.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған