- Орданама

Сол жағалаумен таныс болыңыз…


Сол жағалаудағы жаңа қала бәрімізге де қызық. Тіпті, сол жағалау тұрғыны болу әркімге бір арман. Бүгінде құрылыс алаңы қарбаласқа толы, зәулім ғимараттар еңсесі биіктей бастаған Сол жағалау құрылысы жайында айта кеткеніміз жөн болар.
Жалпы бас жоспар бойынша Сырдарияның сол жағалауы 15 шағын ауданнан тұрады. Қазір мұнда 770 пәтерден тұратын 18 көпқабатты үй, 320 орындық балабақша, музей, жастар үйі, «Болашақ» университеті кампусының құрылыстары мен ауыз су, кәріз, газ, электр желілері, алдағы уақытта қосымша 16 тұрғын үй, 300 орындық көпсалалы аурухана, неке сарайы, мектеп, балабақша, отбасылық медициналық орталық және «Шіркейлі» каналының үстіне көпір салынбақ. Оған қоса әртүрлі қаржы көздерінен сауда, бизнес, ойын-сауық нысандарының құрылысын жүргізу жоспары бар. Қыркүйектің екінші онкүндігінде сол жағалаудағы алғашқы шағын ауданның пайдалануға берілуі Қызылорда қаласының 200 жылдығына үлкен сый болары сөзсіз.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған