- Бай ауыл

Стартап жобаларға 5 жылға дейін 6 пайызбен несие беріледі

Кәсіп бастауға ниетті жандар үшін жағымды жаңалық! Бұл «Әкім сағатында» айтылды. Анығын айтқанда стартап жобаларға 5 жылға дейін жылдық 6 пайызбен несие беру мүмкіндігі қарастырылған.
«Мұны қалай аламыз?» дерсіз.
Мұны алу үшін Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлер үйіне орналасқан «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығына» құжат тапсыруға болады. Ал аудан кәсіпкерлерінің онлайн түрде аудандық палата арқылы құжат өткізуіне жағдай жасалған. Оған қоса тұрақты бизнес үшін екінші деңгейлі банктер арқылы несие алып, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесінің тең жартысын субсидиялауға мүмкіндік бар екен.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған