- Жұлдызым жоғары


Тоқты
Жақын адамдардың ортасында болып, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Бұрын ренжіскен жандармен тіл табысуға да мүмкіндік бар. Жұмысқа қолыңыз бармай, жалқаулық меңдеуі мүмкін. Дегенмен жауапкершілікті ұмытуға болмайды.
Торпақ
Іске құлшынысыңыз артады. Қиын деген мәселенің өзін қиналмай шеше аласыз. Бұл тарапта қолдаушылар да табылады. Тек асығыстық жасамаңыз.
Егіздер
Аптаның қалай басталғаны іс барысында да, көңіл-күйге де әсер етеді. Қызметтестермен кикілжің орын алуы мүмкін. Сабырлы болыңыз. Қызбалық дұрыс шешімге кедергісін келтіруі мүмкін.
Шаян
Кейбір мәселелер тұрғысында жанашыр жандардың ақылына жүгініңіз. “Сын түзелмей, мін түзелмейді” дегенді ескеріңіз. Жеке қарым-қатынастар барысында сергек болыңыз. Жүзі күлген бейтанысқа бірден жылы қабақ танытпаңыз.
Арыстан
Жұмыс көбейіп тұр. Еңсеруге қуат-күшіңіз, ерік-жігеріңз жетеді. Іскерлік бағыттағы кездесулер сәтті өтеді. Іс-сапарда жолыңыз болады.
Бикеш
Апта басы әріптестер, пікірлестер, мүдделестермен бас қосуға қолайлы уақыт. Ықпалды адамдардың қолдауына ие болу мүмкіндігі де бар. Іс барысында кейбір мәселелер туындап, оны тікелей өзіңіз шешуіңіз керек болады. Тек күшіңізге тиіп кетпесін.
Таразы
Апта басында кейбір қиындықтар туындауы мүмкін. Уақыт өте келе шешілетін мәселе. Оны шешу бағытындағы талпыныстарыңыз текке кетпейді. Ұзамай нәтижесін көре бастайсыз. Кейбір жоба-жоспарды құпия ұстағаныңыз жөн.
Сарышаян
Дереу бола қоймағанмен іс барысында жетістікке жету мүмкіндігі бар. Жаңа жоспарларды іске асыра бастасаңыз да болады. Жақындарыңызға жанашырлық ақыл-кеңеспен болса да жәрдем етуден жалтармаңыз.
Мерген
Күрделі апта. Қиындықтар орын алса оны шешуге дайын болуыңыз керек. Ең бастысы, өз күшіңізге сенімді болыңыз. Жаңа бастамаларды кейінге шегере тұрғаныңыз жөн.
Тауешкі
Ойдағыңыз орындалады. “Асықпаған арбамен қоян алады” дегендей жағдаймен-ақ діттеген жерден шығатын боласыз. Біреулердің көзіне түсіп, біреулердің алдына түсіп әуре-сарсаң болудың қажеті жоқ. Өйткені сәттілік сіздің жаныңыздан табылмақ.
Суқұйғыш
Өзіңіз атқаруыңыз тиіс жұмысты біреуге сілтей салудың қажеті жоқ. Өз жауапкершілігіңізге алған жұмысты өзіңіз атқарыңыз. Кәсіби тарапта жаңа ұсыныстар түсуі мүмкін. Мүмкіндіктен қапы қалмаңыз.
Балықтар
Өзгелердің пікіріне тәуелділіктен арылыңыз. Өз көзқарастарыңызды дәлелдеп шығуға мүмкіндігіңіз бар. Түсіністік табуыңыз ғажап емес. Нақты бастамаға да баруға болады.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған