- Жұлдызым жоғары


Тоқты
Ойда “сүрленген” жоба-жоспарды іске асыра бастасаңыз болады. Айналадағы ағайын-туыс, дос-жаранмен ізгі қарым-қатынасқа ниеттеніп, өкпелескен жандармен татуласуға тырысасыз. Көңіл күйге кері әсерін тигізетін кейбір жайттер орын алса да өкіндіретін әрекетке бармай, сабыр сақтаңыз.
Торпақ
Жаңа бастамаларға жол ашық. Кейбір кедергілер болса да іс барысына нұқсан келтіретіндей емес. Ең бастысы өзіңізге сеніңіз. Сондай-ақ жаңа бастамаларыңызға апта басы қолайлы болатынын ескеріңіз.
Егіздер
Апта басында “жұмысқа қолыңыз бармай” жалқаулық меңдегенмен уақытты босқа шығындамауға тырысып бағуыңыз керек. Апта ортасына қарай еңбек қабілетіңіз қалпына түсіп, бірталай істі еңсеруге мүмкіндік бар. Жаңа бастамаларды қолға алсаңыз да болады. Отбасында жақсы жаңалық болады.
Шаян
Беймаза уақыт. Маңайыңыздағы кейбіреулер мәселе туындатуы мүмкін. Жалпы іс барысындағы қарым-қатынастар тарапында қырағы болғаныңыз жөн. Отбасы, жақын адамдармен қарым-қатынасты сүйіспеншілікті сабырмен дәлелдеуге тура келеді.
Арыстан
Кейбір маңызды шешімдер қабылдау керек болады. Бұл орайда өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалаңыз. Әйтпесе, “көтере алмайтын шоқпарды белге байлағандай” қиналып қалуыңыз мүмкін. Жаңа бастамалар, шығармашылық ізденістер үшін аптаның екінші жартысы қолайлырақ болады.
Бикеш
Сәтті кезең. Сапарға шығуды жоспарласаңыз да ақ жол! Іскерлік, достық, туыстық, жалпы адами қарым-қатынаста да күн нұрлы, ай жарық. Әзірге жалғыз бастылар қатарынан болсаңыз, таяу күндерде тартымды таныстықтан үміттеніңіз.
Таразы
Бәрі ойдағыдай болуы өмірдегі сирек жайт. Сондықтан көбінесе бәрін қолдан жасау керек болады. Ең бастысы, еңбекпен, сабырмен сары алтынға қол жеткізуге болатынына сеніңіз. Бұл кезеңде сізге де осы рөлді қанағат тұтуға тура келеді. Табыс кейінірек.
Сарышаян
Табысты апта. Қандай да істі қолға алсаңыз болады. Қолдаушылар да табылады. Табыс әкелетін келіссөздерге де қол жеткізу мүмкіндігі бар. Отбасы, жеке қарым-қатынастар да көңіл жадыратпақ.
Мерген
Күрделі кезең. Кез болған келеңсіздіктерді елең қылғыңыз келмесе де ауыртпалығын сезінесіз. Кей тарапта қарсы күштерге төтеп беру оңайға түспейді. Қаржылық қиындықтар да көлденеңдейді. Оған ең алдымен өзіңіздің көзсіз шығындарыңыз себепкер.
Тауешкі
Өзгерістер нөпірінде қалуыңыз ғажап емес. Оқиғалар желісі ойдағыдай өрбімесе де шараңыз жоқ. Дегенмен “басы ащы болса да аяғы тәтті болады” дегенге илансаңыз да болады. “Алдағы сындарлы уақыт таяу келешекте жемісін беретін болады” деп жымыңдайды жұлдыздар.
Суқұйғыш
Қол қусырып қарап отырмағаныңыз өзіңізге жақсы. Жаңа бастамаларға тәуекел етіңіз. Жемісін көретін уақыт көп күттірмейді. Қаржылық жағдайыңыз оңала түседі.
Балықтар
Ауқымды жоспарларды кейінге шегере тұрып, ағымдағы жұмыстармен айналыссаңыз жөн. Іс барысындағы қарым-қатынастарда ыждағатты болыңыз. Аулақ жүргеніңіз жөн кейбіреулер кезігуі мүмкін.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған