- Жұлдызым жоғары

Туған күннің мінезге ықпалы


Айдың 1-жұлдызы күні туғандар
Билікке ұмтылғыш болып келеді. Оған күш-қайраты да, ойы да жетеді. Мансапқа жету жолында өзгенің айтқан сақтығын да ескермейді. Шығармашылық ойлау қабілеті өте жоғары. Кез-келген жағдайдан шығудың жолын табады. Барға мақтанбайды, жоққа мойымайды. Кейде “бірінші” болу үшін өзгені құрбандыққа шалып жібереді.
Айдың 2-жұлдызы күні туғандар
Мінезіндегі ерекшелік – ынтымақтастық. Олар жақсы жар, сыйлас, әріптес, сырлас, дос болуға икемді. Екінші жақтың пікірімен есептесіп отырады. Бұл құлдық психология емес, бірақ кейде оны түсінбегендер оны өзіне тәуелді еткілері келеді. Өзгенің тапсырмасын өте ыждағатты орындайды, осы мінезінің арқасында өзіне орынтақ жасайды.
Айдың 3-жұлдызы күні туғандар
Достары көп, көңілділіктің биігінде көп тербеліп жүреді. Олар “ортаның тұздығы”, олардың төңірегінде адамдар көп жүреді. Табиғатынан тартымды, сүйкімді, өздері де осы жақсы қасиеттерінің арқасында жақсы көрінетіндіктерін біліп, сол арқылы көрінгілері келеді. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады, бірақ ең негізгісін таңдай алмайды.
Айдың 4-жұлдызы күні туғандар
Еңбекқор, мықты адамдар. Қоғамдық қарым-қатынастардың барлығының негізін қалаушы. Мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдамайды. Жаны тәртіптілікті қалайды. Кез-келген мәселені соңына дейін шешуді жақсы көреді. Тәртіптіпсіздік пен бей-берекетсіздікке жаны қас. Іскер, тапсырманы ақыл мен қисынға салып оңай орындайды, сирек қателеседі. Өте адал, сенімді, айналасындағылардан да соны талап етеді. Әділетсіздікке жаны төзбейді.
Айдың 5-жұлдызы күні туғандар
Мінезіне өзгеріп тұру тән. Көп саяхаттағанды ұнатады. Қызығушылығын, өмірге көзқарасын жиі өзгертіп, іздену үстінде болады. Тұрақсыздығы да бар. Өмірдің барлық қызығын көріп қалғысы келеді. Қаруы – сөз. Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Бірақ кейде осы қабілетін өзгелерді тұқырту үшін пайдаланады. Жұмыс орнында да көп отырмайды.
Айдың 6-жұлдызы күні туғандар
Білімді, адамгершілігі мол. Қайда жүрсе де тыныштық пен үйлесімділікті сақтап отырады. Оны өмір сүрудің өлшемі деп ұғады. Махаббатқа ерекше құрметпен қарайды. Өз отбасына қарым-қатынасын осы негізде құрады. Жақындарының өмірін де жайлы етуге тырысады. Оның көп жауапкершілігін өз мойнына алады.
Айдың 7-жұлдызы күні туғандар
Ойлы. Кез-келген нәрсені ұсақ-түйегіне дейін ой елегінен өткізеді, сол себепті де сырт көзге сылбыр көрінеді. Өз сезімін сыртқа шығармайды. Өнерді жақсы көреді. Философиямен айналысады.
Айдың 8-жұлдызы күні туғандар
Қаржылық мәселеде жолы болғыш. Даңқ пен байлыққа жақын жүреді. Материалдық жағдайы үстем. Адамдардың жан-дүниесін түсінгіш, қиналғанда қолдау көрсетуге әзір.
Айдың 9-жұлдызы күні туғандар
Метафизика мен философияның саны. Сананың жоғары деңгейіндегі адам. Кемеңгер. Саяхаттағанды ұнатады. Мінезін өзгерістер қалыптастырады. Барлық елдің салт-дәстүрін білуге құмар. Сабырлы әрі төзімді.
Айдың 10-шы жұлдызы күні туғандар
Күш-қуаттың қоймасы. Ақылды, күшті, шығармашылық қабілеті жоғары. Кедергілерді оңай жеңеді. Жеңілістің өзін жеңіске айналдырады. Іскерлік қабілеті, басшылық қасиеті үшін айналасына сыйлы.
Айдың 11-жұлдызы күні туғандар
Өте сезімтал, жаны жараланғыш жан. Өзі құрметтейтін адамдардың өзін түсінбеуін күйзеліспен қабылдайды. Адамдарды өзіне баурап алғыш. Себебі ол бәріне достық көзқараспен ғана қарайды. Қиын мәселенің шешімін тез табады. Ойы ұшқыр. Шығармашылық қабілеті жоғары. Өзгені қорғауда алдына жан салмайды.
Айдың 12-жұлдызы күні туғандар
Көпшіл. Көп адам оған еліктейді. Бірақ ол бұған бола мұрнын шүйіріп кетпейді. Жақсы көріп қалса, бар пейіл ниетімен ұнатады, алайда махаббат толқынына мүлде батып кетпейді. Өте салмақты. Құдай берген талантын бір мақсатқа жұмсағаны жөн.
Айдың 13-жұлдызы күні туғандар
Нағыз жұмыскерлер. Өз жұмысын беріліп істейді, тіпті оның айналасындағылардың өзі бұл қабілетіне өте таңданып қарайды. Олар кәсіби сәулетшілер іспеттес, жұмыста болсын, адамдармен қарым-қатынаста болсын, қателік жібермеуге тырысады. Қай істің болсын, негізін дұрыс қалайды. Жоспар бойынша жұмыс істеп, оның игілігін көреді.Көп еңбек етіп, аз демалады, осы жерде үйлесімділік бұзылады. Сондықтан демалуға, сезімге берілуге уақыт бөлу керек.
Айдың 14-жұлдызы күні туғандар
Сөзге шешен. Сезімтал. Адамгершілік қасиеті мол. Өз көзқарасын өзгеге дәлелдей алады. Ісі нәтижелі. Оның әңгімесіне ешкім күмән келтіре алмайды. Тосын оқиғаларда, тосын құбылыстардан қорықпайды.
Айдың 15-жұлдызы күні туғандар
Мейірімді, өзгеге жаны ашығыш. Өзгенің жағдайын ойлаймын деп, өзі де көп қиыншылықтарға тап болады. Өмірдің ауыртпалығын көтеріп жүргенімен ешкімге шағынбайды. Оның барлық әрекет ісіне махаббат басшылық жасайды. Білім алуға, оқуға ұмтылысы мол. Ол көпшіліктің мейіріміне бөленеді. Балалармен бірге ойнағанды, бірге жүргенді жанындай жақсы көреді.
Айдың 16-жұлдызы күні туғандар
Жақындарынан бөлінгісі келмейді. Тіпті етене таныс емес адамдар да оны төңіректеп жүреді. Өзі өте қарапайым. Ұлы адамдарға тән ақыл-ойға ие. Жалпыға бірдей ұғымды нәрсе, ол үшін қызықсыз, мәнсіз. Ол үшін ең маңызды нәрсе – білім. Өзін-өзі сынауға, талдауға бейім. Өзінің тоқырауына жол бермейді.
Айдың 17-жұлдызы күні туғандар
Оның өнертапқыштығы өмірдегі қажетін табуына көп көмектеседі. Ойының жүзеге асуына көп күш салады. Оның мүмкіндігі шексіз. Қызығушылығы мол. Еті тірі. Мұның бәрі оның танымал болуына негіз қалайды, алға жүруіне ықпал етеді. Өзімен-өзі болғанды қалайды, ондайда өз ісіне өзі риза болып, тіпті мақтанышын жасыра алмайды. Өзіне сенімді.
Айдың 18-жұлдызы күні туғандар
Кез-келген адамды қай ісінен болсын, екі орап кететін жандар. Жан-жақты, ерекше қабілетті. Кез-келген ойын жүзеге асыра алады. Оның ой-өрісі бәрін түсінуге мүмкіндік береді. Өз талантын табысты жұмыстарға жұмсайды. Қолға алған ісін өзі өте жеңіл орындайтындықтан, өзгелдердің былжырап жүретініне жыны келеді. Соңынан адамдарды ерте алады.
Айдың 19-жұлдызы күні туғандар
Өзгенің ойын жүзеге асыруда алдына жан салмайды. Өз жұмысын бүге-шүгесіне дейін біледі, кез-келген істі жалғастырып кете алады. Үйде жұбайының жоқтығын да білдірмейді. Біреуді жақсы көрсе, жан-тәнімен ұнатып, жек көрсе жүзіне қарамайды.
Айдың 20-жұлдызы күні туғандар
Өзгелер үшін өзін үнемі құрбандыққа шалатындар. Өзін шаршата берсе, күш-қайратын сарп етеді. Өзгелер бұған өз мәселесін айтқыш. Ақкөңілділіктің де шегі болады. Осыны естен шығармаған жөн. Мінезі жұмсақ, нәзік, түсінігі мол, кең пейілді. Бұл оған тәңірдің берген сыйы.
Айдың 21-жұлдызы күні туғандар
Ақсүйектік өмірге бейім. Сөзге шешен. Өзгелермен оңай тіл табысады. Қай ортада болсын, басты назарда болғанды қалайды. Терең пікірталасуға барудан қашқақтайды. Бірақ мәселенің мәнін тез аңғарып, өз пайдасына қарай шеше қоятын мінезі бар. Өмірді сөзбен өрнектейтін жан.
Айдың 22-жұлдызы күні туғандар
Ол – өмір сәулетшісі. Бей-берекеттік, жоспарсыздық жанын жаралайды. Іске асыратын жұмысының ұсақ-түйегіне дейін ойластырып барып, жүзеге асырады. Өзіне сондай сенімді, ешкім оны өз ойынан қайтара алмайды. Материалдық жағынан сәл қиындықтар көргенімен, мән бермейді. Оны білімі мен тәжірибесі тығырықтан алып шығады.
Айдың 23-жұлдызы күні туғандар
Өзгерістер мен сөз – өмірінің басты қағидасы. Сөз қадірін терең түсінетін жан. Актер, әдебиетші, журналист мамандықтарында бағы жанады. Адамдарды өзіне тез еліктіре алады, көп адам сыйлайды, құрметтейді. Көңіл-күйге жылдам беріледі. Намысына тисеңіз көтеріліп кетеді. Мінезі жылдам.
Айдың 24-жұлдызы күні туғандар
Ізгіліктің бәрі бойында. Жақсы көрген ісіне жан-тәнімен беріліп, жұмысын табысты аяқтайды. Тіпті демалу дегенді ұмытып кетеді. Анда-санда көңіл көтергеннің зияны жоқ. Жақындары үшін қолынан келгеннің бәрін істейді. Айналасын әдемілікке бөлеп, өзі соған бақытты.
Айдың 25-жұлдызы күні туғандар
Өмірдегі басты қағидасы – шыдамдылық пен тәртіптілік. Сырттағы жұрт үшін ол тасбақа секілді тым сылбыр көрінгенімен, бәрін ой елегінен өткізіп отырады. Ойға берілген кезде дүниені ұмытып кетеді. Адамдармен қарым-қатынаста адал, сенімді, таза. Өзгелер оны түсіне бермейді. Ол сол үшін ешуақытты шыдамын тауыспайды. Мінезі бірқалыпты.
Айдың 26-жұлдызы күні туғандар
Мықты, ақылды. Ірі бизнеске жетекші бола алады. Қайырымдылық қорын құруы мүмкін. Өзгелерге ақыл үйретуге де шебер. Отбасына мейірімді. Даңқ пен байлыққа ұмтылғыш. Оны үйлесімді жүргізе алады.
Айдың 27-ші жұлдызы күні туғандар
Оның мүмкіндігінде шек жоқ. Өне бойы тосын нәрселер іздеумен болады. Өмірдің бір кезеңінде ол мистикамен айналысады. Құпия өмірдің жұмбағын шешуге күш салады, қиялдың өзін нақты өмірге айналдырып жібереді. Ойлануды жақсы демалыс санайды.
Айдың 28-ші жұлдызы күні туғандар
Қандай ортада болсын, тізгінді өзгеге бермейді. Шатқаяқтап тұрған істі түзетіп жібереді. Ойлау жүйесі өзгеше. Ұйымдастырушылық қабілеті ерекше. Адамдармен қарым-қатынаста айналасына жылылық сыйлайды.
Айдың 29-шы жұлдызы күні туғандар
Көпшіл. Әрдайым өзіне пайдалы жағын ойлайды. Оның ойынан артылатын ешнәрсе жоқ. Өзіне керекті нәрсені ізденіп жүріп біліп алады. Достары көп, қызығушылығы да жоғары. Көптің көзіне түскенді қалайды. Жағымсыз тұсы – эгоист.
Айдың 30-шы жұлдызы күні туғандар
Ойы мен сезімін әрқашан ашық айтып отырады. Оған махаббат билік жүргізеді. Көпшіл. Адамдарды өзіне тартып тұратын қасиеті бар. Әділдігі мен сөзге шеберлігінің арқасында үлкен жетістікке қол жеткізеді. Алға қойған мақсатына жетпей тынбайды. Талантты.
Айдың 31-ші жұлдызы күні туғандар
Өзіне сенімді. Әріптес, жолдас, отбасы үшін адамгершіліктің қазынасы іспеттес. Шығармашылық ойды жүзеге асырарда кесіп-пішіп алады. Ұсақ-түйекке назар аудармайды. Қабілетті. Өзінен бұрын өзгенің мәселесін шешуге құмар. Алайда өзін ұмытпағаны жөн.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған