- Жұлдызым жоғары


Тоқты
Апта күйбең тірлікпен өтпесі анық. Сәттілікке қол жеткізу оңай болмасы да белгілі. Бұл аптада көп еңбектеніп, дұрыс шешім қабылдау үшін бетке алған бағыт-бағдарыңызды бағамдап алыңыз.

Торпақ
Барлығы өзіңіз ойлағандай болады. Алдыңызға мақсат қоюдан қорықпаңыз. Жақсы нәтижеге қол жеткізуіңіз әбден мүмкін. Бұл апта жаңа жобалармен жұмыс жасауға таптырмас уақыт.

Егіздер
Әр басқан қадамыңызды абайлап басыңыз. Себебі апта барысында түсінбейтін жағдайлар орын алып, кейбір мәселелер шиеленісіп кетуі мүмкін. Мұңаймаңыз, аптаның екінші жартысы жайлы өтпек.

Шаян
Жеңілдің үстімен жүріп, оңай олжаға жетемін деп ойламаңыз. Алдыңызға не мақсат қойсаңыз да маңдай тер еңбекті қажет етеді. Барлығы жоспарлағаныңыздай болмаса да өз-өзіңізді жоғалтып алмаңыз.

Арыстан
Апта барысы өте қарапайым болғанымен, өзіңіздің қызығушылығыңыздың арқасында бұл уақытты да қызықты етіп өткізесіз. Апта ортасында маңызды істерге ден қойып, жаңа мақсаттарға жету жолында біраз тер төгесіз.

Бикеш
Сәттілікке толы апта. Өз ісіңізде біраз жетістіктерге жетесіз. Тіпті қиын жұмыстарды да оңай еңсере аласыз. Біраз мәселелердің шешімін тауып, алдағы уақытқа жаңа жоспарлар құра бастайсыз.

Таразы
Апта басы жақсы болмақ. Жұлдыздар сіздің жақта. Бұрыннан ойға алған ісіңізді жүзеге асырасыз. Күтпеген жерден өзіңіз ойға алмаған жандар қолын ұшын созады. Бұл жаңа әріптестіктің бастамасы болмақ.

Сарышаян
Қызығы мен шыжығы көп апта. Кез келген істе төзімділік танытасыз. Жолыңызда кедергілер болғанымен, мұндай мәселелерді оңай еңсере аласыз.

Мерген
Апта басында қиын сәттер орын алады. Маңызды істерде жақын адамдарыңыздың кеңесіне сүйеніп, тез шешім қабылдай аласыз. Әр істе абай болыңыз. Бұл аптада қайсыбір істе болмасын тәуекелге бел бумаңыз.

Тауешкі
Әр нәрсеге бір алаңдайсыз. Жақсы жетістіктерге қол жеткізу үшін аянбай еңбек етуіңізге тура келеді. Апта соңында барлығы орнына келіп, өзіңізге деген сеніміңіз арта түседі.

Суқұйғыш
Қарама-қайшылық көп. Белгілі бір нәтижеге жету үшін көп еңбектенесіз. Апта ортасында жұмыс көбейе түседі. Сондықтан бар назарыңыз жұмыста болсын. Апта соңында сізді тосынсыйлар, сыйақы күтіп тұр.

Балықтар
Барлығы сіз ойлағандай оңай емес, күтпеген жерден кедергілер орын алуы мүмкін. Бірақ жақсы өзгерістер мен жеңіске жетуге мол мүмкіндік бар.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған