- Жаңалықтар

ҰБТ-2018: Өзгеріс қандай?


Мектепті аман-есен аяқтап, қолына аттестат алған жас түлектің жүрегі алып ұшып тұр. Ендігі мақсат – өзі қалаған мамандық иесі атану. Осы аптада олар үшін үлкен сынақ ҰБТ басталады. Ал биылғы ҰБТ өзгерісі қандай?
Айта кетелік, биылғы жылы атап айтарлықтай өзгеріс жоқ. Көп көкейіндегі сауал – “Алтын белгі” иегерлеріне нендей жеңілдік бар екені? Кеше ғана мойнына “Алтын белгіні” жарқырата ілген оларға нендей басымдық беріледі?
Ресми дереккөзінде жарияланғандай, “Алтын белгі” иесіне ерекше жеңілдік жоқ. Биылғы оқу оқу жылын “Алтын белгімен” аяқтаған түлектер тек ҰБТ-да жинаған балына қарай грант иегері атана алады. Яғни, жаппай грантқа қол жеткізе алмайды. “Алтын белгінің” бір ғана пайдасы – бір орынға бірнеше үміткер жинаған балы бірдей болып, таласқан жағдайда “Алтын белгі” иесі грант иеленетін болады.
Тағы бір атап айтарлығы, биыл тест сұрағының 50 пайызы жаңартылыпты. Биылғы жылы ұлттық тест базасында 110 000 сұрақ бар екен. Оның 3000 сұрағы ағылшын тілінде. Ағылшын тілі демекші, тесті ағылшын тілінде де тапсыруға болады екен. Өзіңіз білесіз.
Қоғамда жиі талқыланып жүрген мәселе – тест сұрақтарының ішінде танымал әртістерге қатысты сауал да бар деген мәселе болса, биылғы жылы мұндай келеңсіз сұрақтардан түгел тазартылыпты.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған