- Рухани жаңғыру

НҰРПЕЙСОВ ҚАЛИ

1890 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақшелек ауылында дүниеге келген. Ол – әнші, домбырашы, жыршы, ақын. Репертуарында көптеген халық әндері мен күйлерінен басқа «Қобыланды», «Алпамыс», «Қамбар», «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Құламерген» секілді әйгілі батырлар жыры мен қисса-хикаяттар болған. Совет өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап жаңа заманды шабыттана жырлаған. Октябрьге, Ленинге, Қызыл Армияға, Москваға, Ленинградқа арнаған өлеңдері бар. 1939 жылы Москваға барып, Бүкілдодақтық ауылшаруашылық көрмесінің ашылу салтанатында өнер көрсетті. 1940-1960 жылдары Ақтөбе облыстық музыкалық театрында істеді. Ұлы Отан соғысы кезінде патриоттық жырлар шығарды. 1968 жылы Ақтөбе қаласында дүниеден озған.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған