- Рухани жаңғыру

ПАЛУАН ЖҰМАБЕК ЖЫРАУ

Жұмабек жырау ХІХ ғасырдың екінші жартысында Арал өңірінде дүниеге келген өнер иесі. Арал өңіріне белгілі, атақты Жақсан Тәңірбергеновтің нағашысы. Жұмабек жыраудың өмірі жайлы, қай жылы туылғаны белгісіз болғанымен, артында қалған төмендегі өлең сөзінен оның өмірі, басынан қандай қиындық өткендігін, ағайынның күншілдігі, көре алмаушылығы Жұмабек жырау басында көп болғанда ұқсайды…

…Азғантай Палуан ішінде,
Жұмабек жырау атандым.
Қадақ жарым шай беріп,
Жалықбастан бата алдым.
Қазалыдан қайтарда,
Меңдібайжаннан хат алдым.
Үш күн жырлап үйінде,
Майданбайдан бота алдым.
Бас қырсығым сол болып,
Жасақбайдың баласы,
Әбділдадан шаталдым…(түгел емес).

Осы кішкентай өлең көлемінен-ақ Жұмабек жыраудың тағдыры қалай шешілгенін аңғаруға болады. Сол шаталудан, Кеңестік дәуір кезіндегі асыра сілтеу ақыретімен 1937 жылы атылып кеткен. Дін басшылары, ғұламалармен қатар қазақтың ақын, жыраулары, жазушылардың да тағдыры бір жапырақ қағазбен шешіліп кете барғанын біз қазіргі ұрпақ тарихтан ғана білеміз.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған