- Рухани жаңғыру

ҚОНДЫБАЙ БІТІМБАЙ ШАЙЫР

Бітімбай шайыр 1846 жылы туылған, өлген жылы белгісіз. Аманөткел өңіріндегі Бәйімбет аталығынан тарайтын Жарасқан Сырғабектен, Қоңқыдан Бітімбай туады. Сыр бойындағы ақын, жыршы, өнер саңлақтарының арасында Қоңдыұлы Бітімбай жырау ешкімге ұқсамайтын дара тұлға. Себебі, өзі әрі ақын, әрі майталман жыршы ретінде даңқы Қыр, Сыр жұртының арасына кең тараған қадірменді «Бітімбай» жырау атанған ақын Бітімбай атамыз. «Кенесары-Наурызбай», «Қарабек батыр» жырларын жазған, сонымен бірге «Орақ-Мамай» дастанының алғашқы нұсқасын жазған. Ойы терең, қаламы жүйрік ақын көптеген ертегі, толғау өлеңдер де жазған екен, одан сақталғандары бірен-саран ғана. Ақынның «Қарабек батыр» жыры 1987 жылы шыққан. «Ақсауыт» батырлар жыры жинағына енгізілген. Ал «Кенесары-Наурызбай» жыры қолжазба күйінде Ғылым Академиясына 1940 жылы тапсырылған, әлі еш жерде жарияланған жоқ. Жоғарыда айтылғандай Бітімбай жырау өз мақамы мен шығармаларын өзі орындап, халық арасына насихаттап отырған. «Бітімбай жырауды тыңдауға барсаң, алдымен өзің дайындалып бар» – дейді екен көненің көзін көргендер. Ол неше күн-түн жырласа да тапжылмай, шаршамай бір қалыпты жырлай беретін болған.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған