- Жұлдызым жоғары

Жұлдыздар қандай гүлді ұнатады?


Жұлдыздар шоғыры жұмыр басты пенделерге ғана емес, өсімдіктерге де қуат беретіндіктен үй өсімдіктерін жұлдыз белгілеріне қарай таңдағаныңыз жөн.
Бүгінде үй өсімдіктеріне әуестенуші көпшіліктің әр өсімдіктің сәніне ғана емес мәніне де (мысалы ақша ағашы сияқты) қарайтыны белгілі. олай болса жұлдызшылар айтқан бұл кеңес те оқырмандарымыз үшін пайдасыз болмас.

Тоқты
Планеталар белсенді, іскер, қызметте өсуге құштар тікенекті, биік болып өсетін өсімдіктерді сыйлар еді. Роза, бегония королевская, млочай (сүтіген), гусмания язычковая аталатын үй өсімдіктері тоқтыға қызмет пен жеке өмірде жетістіктерге жету талпынысында қуат сыйлайды. Бұл белгі иелеріне сабағы нәзік, иіліп өсетін лиан, орхидея, хлорофитум, циссус сияқты өсімдіктерді өсіру тиімді емес.

Торпақ
Торпақ белгісіндегілер Жерге жақын адамдар саналады. Шаруақор, пысық, төзімді торпақтарға өздері сияқты мығым өсімдіктерді өсірген дұрыс. Сондай-ақ гүлдері жайнаған узамбарская фиалка (шегір гүл), глоксиния, бегония декоративноцветущая, пеперомия, примула (жауқазын) өсірсе жөн. Бұл гүлдер материалдық игіліктерге қол жеткізуге, тұрмыстағы қиыншылықтарға мойымауға септесерлік қуат береді. Торпақ белгісіндегілерге жапырақтары үшкір, биік өсетін тікенекті өсімдіктер өсірудің пайдасы болмайды.

Егіздер
Егіздер белгісінің қолдаушысы Меркурий болғандықтан бұл белгі иелері белсенді әрі кез келген ортада тез тіл табыса алады. Дегенмен олардың көңіл-күйінің жиі құбылатыны бар. Егіздерге бұйра сабақты, қалың жапырақты өсімдіктер өсірсе жөн. Аспарагус (қасқыр жем), плющ (шырмауық), ромбикалық циссус, ұсақ жапырақты фикус, нефролепис, традесканция (ағылшын ботанигінің атымен аталған), пальма өсімдіктері отбасындағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге көмектеседі.
Егіздер үшін қолайсыз өсімдіктер кротон мен маранта.

Шаян
Шаян белгісінде туған адамзат баласының жаны нәзік, сондықтан да әр нәрсеге өкпелегіш, сезімтал келеді. Су белгісіне жататын болғандықтан бұларға алоэ, толстянка древовидная (немесе ақша ағашы), каланхоэ, кустовидная пеперомия, фуксия сияқты қалың жапырақты өсімдіктер қуат беріп, отбасындағы тыныштық пен түсініспеушілікке септеседі.

Арыстан
Қолдаушысы Күн арыстан белгісінде туған адамзат баласына тән қасиеттер өз-өзіне сенімділік, тәкаппарлық, талапшылдық. Жапырақты, шоқ гүлді, сабағы мықты арыстанның гүлдеріне жарық пен ауқымды кеңістік керек. бұлар герань, кала, акалифа, жапон камелиясы, қытай розасы.
Арыстанның гүлдерін басқалар да өсірсе болады.

Бикеш
Ақылды, пысық бикешке жапырағы мен жемісі пайдаға жарайтын өсімдіктер өсірсе өте дұрыс болады. Бұлар укроп (аскөк), купырь (жасылша), салатная горчица (қыша), базилик, кинза сияқты шөптер мен үйде өсірілетін қызанақ, қызыл бұрыш және физалис. Бұл шөптер мен көкөністерді тағамға пайдаланудың пайдалылығы белгілі, бұлар сондай-ақ жан мен тәнге жағымды қуат беріп, отбасындағы татулыққа септеседі. Дегенмен пайдалы екен деп пияз егудің қажеті жоқ.

Таразы
Таразы белгісіндегі жұртшылықтың бойында кішіпейілділік, ашық мінез, жан жақты үйлесімділікке ұмтылыс сынды қасиеттер бар. Адал дос көпшіл адам ретінде бағаланады. Олардың табиғатына сай осы жарқын мінез құлықтан айнымауына гелиотроп (сүйелжазар), ананас, гертензия (жапон гүлі), зигокактус, камелия, кротап тәрізді гүл шоғы үлкен, жапырағы ашық жасыл түсті, шашақ тамырлы өсімдіктер шапағатын тигізеді. Таразылардың гүлдері неке, достық, іскерлік қарым қатынастарды тіл көзден сақтайтын бойтұмар ретінде де пайдалы.

Сарышаян
Марс пен Плутонның қолдауына ие жұмбақ та, салқынқанды сарышаяндарға қолайлысы ылғалды жапырағы мен тікенегіне жинайтын кактус, опунция, агава, эхмия және жәндік қоректі өсімдіктер. Бұл өсімдіктер сарышаяндардың көпшілігіне тән көріпкелдік қасиеттердің ашылуына септеседі. Сарышаяндардың үйінде гиппеаструм, кливия, апельсин, лимон, өсімдіктерінің болмағаны жөн.

Мерген
Мерген саяхат, өзгеріске толы өмір белгісі. Бұл белгіде туған адамзаттың деніне белсенділік тән. Мекен жайын, жұмыс орнын оңай өзгертіп жүре беретін көшпелі халық. Үнемі көтеріңкі көңіл күйде, көпшіл.
Оларға биік өсетін сансевьера, бөлме жүзімі, кливия өсімдіктерін таңдаған дұрыс. Олардың кейде өмір жайында, мәңгілік жайында ойға батып отыратындары бар. Бұл уақытты ол бонсайдың саясында өткізгені жақсы.

Тауешкі
Қолдаушысы Сатурн оларға сабырлық, ыждағаттық, ұқыптылық дарытқан. Сабағы мықты, баяу өсетін хвойник (қылқан жапырақтылар), драцена, веерные пальмы, фикус каучуконосный өсімдіктері отбасындағы келеңсіздіктерден арылып, жеке өмір мен кәсіби салада жетістіктерге жетуге дем береді. Бұл өсімдіктер Тауешкі белгісіндегі азаматтар мен азаматшалардың үйінде ғана емес, жұмыс орнында болса да артықтық етпейді.

Суқұйғыш
Жаңашыл, ізденімпаз, өнер тапқыштардың өмірлік ұстанымы «Ойлан, тап!» десе де болады.
Шетсіз, шексіз ой қиялсыз өмір оларға сүреңсіз көрінеді. Абутилон (бөлме үйеңкісі), пуансетия прекраснейшая, колеус, фиттония, калатея өсімдіктері оларды тың ойларына тың серпін беруге себепші. Шығармашылық ізденістегі басқа жұрттың да Суқұйғыш өсімдіктерін өсіруге болады.

Балықтар
Руханият дүниесінің адамдары.
Бұл белгі иелерінің арасында дін жолына түсетіндер аз болмайды. Қолдаушысы Нептун болғандықтан ылғалды молынан қажет ететін папортник, папирус, түрлі аквариумдық өсімдіктер балық белгісіндегілерге арналған. Және бір қолдаушысы Венера бұларға хош иісті шоқ гүлді өсімдіктерді сый етіпті. Солардың ең әсемі орхидея. Аталған өсімдіктер жүйке мен эндокриндік жүйеге жақсы әсер етеді.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған