- Жаңалықтар

Әнші Г.Оразымбетова: Туған жерге деген махаббатты «Туған өлке» әніне сыйдырдым


Бүгінде 15 жылдық тарихы бар «Ән мен әнші» жобасы «Ұлы дала астаналары» атты атаумен ел аралап, еліміздің біршама аймақтарында ашық аспан астында концерт беруде. Қазақ эстрадасының бір топ өнер жұлдыздары жоба аясында киелі «Сыр елі – жыр еліне» де табан тіреді. Жоба бойынша туған өлкеге аяқ басқан әнші Гүлнұр Оразымбетова БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде өз туған жеріне деген ыстық махаббатымен бөлісті.
– Әр қайсысымыздың туған елге, туған жерге деген жүрек түкпіріндегі махаббатымыз мәңгілік. Мен өз туған жеріме келген сайын оның өсіп-өркендеп жатқанына куә боламын. Уақыт өткен сайын көркейіп келе жатқан туған жерімнен күш-қуат алып қайтамын. Мен әнші болғандықтан туған ауылыма деген сағынышты өз репертуарымдағы Мұқағали ақынның сөзіне жазылған «Туған өлке» әніне сыйдырдым. Сол ән арқылы туған жерге деген махаббатты жеткіземін, – деген әнші, «Туған өлке» әнін шырқай жөнелді.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған