- Жаңалықтар

«Тағзым алаңы» көңіл көтеретін орын ба?..


Қызылжарма ауылдық округіндегі «Тағзым алаңында» облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 200 жылдығына арналған мерекелік концерт өткізілген. «Мәңгілік алау» жанындағы кештен соғыс даласында кеудесін от пен оққа тосып, шейіт болған майдангерлерді еске алатын, жауынгерлерге тағзым ететін алаң жастардың ойын-сауық құратын жеріне айналған ба, дерсің. Мейлі бұл мерекелік кеш арқылы жастар бейбіт өмірдің көрінісін көрсетті дегенмен, бұл алаң аты айтып тұрғандай, ел есінде қалған ерлерге тағзым жасайтын орын. Әйтпесе, мерекелік думан құрамын дегендер үшін «Тағзым алаңының» іргесіндегі мәдениет үйінің алаңы бос тұр емес пе?!
Ерлігі үшін ел есінде қалған боздақтарды еске алатын маңда жастардың сауық-сайран құруы кімге болса да әбес көрінері анық. Елді мекен тұрғындарының көңілін көтерген кеште жастарға бата берген ауыл үлкендері, жастардың бұл қылығының ерсі екенін ескертті ме екен?..

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған