- Жаңалықтар

ҰБТ: Бөтелке қағазындағы шпаргалка – бірінші орында


ҰБТ-ның үшкіндік нәтижесін қорытындылаған ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов биылғы тестілеу кезінде қолданылған ерекше шпаргалка жөнінде айтып өткен. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.
– Жыл сайын біз Ұлттық тестілеу орталығында ерекше шпаргалкаларға баға береміз. Осы жолы бірінші орынды пластикалық бөтелкенің этикаткасына өзіне қажетті химияның формуласы жазылған ерекше шпаргалка алды. Минералды судың құрамы мен компанияның мекен жайы көрсетілген жерде осы формула болған. Әрине, бізді оқушылардың тапқырлығы қуантады. Бұл функционалдық сауаттылықтың деңгейінің артып келе жатқанын көрсетеді. Сіздер жылдан жылға ҰБТ-да түлектердің функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған сұрақтардың саны артып келе жатқанын білесіздер. Осы орайда жоғары да аталған факт біздің бейресми рейтингімізде бірінші орынға ие болды, – дейді орталық директоры.
Тестулеудің үшкүндік нәтижесін жариялап, ерекше шпаргалкаға баға берген орталық директоры Рамазан Әлімқұлов шпаргалка иесіне техникалық бағытта білім алуына кеңес берген. Орталық басшысы тапқыр түлектің алдағы уақытта өз еліне үлкен пайдасын тигізе алатындығана сенім білдіріп отыр.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған