- Жұлдызым жоғары


Тоқты
Сүйіктіңіз үшін сүйкімді болып қала бермексіз. Ол сізді қолдап, қолпаштаудан кенде етпек емес. Қызмет барысында күтпеген кедергілер болуы мүмкін. Дегенмен, ала алмайтын асу бола қоймас.

Торпақ
Шабытты шақтасыз. Осы әсермен біраз жұмысты еңсеріп тастауға мүмкіндігіңіз бар. Тіпті, «қол бармай», «қолдан келмей» жүрген жұмыстарды да қолға алсаңыз болады.

Егіздер
Кей ретте басқалардың пікірімен де санасу керектігін ескеріңіз. Өзімшілдіктің өз жөні барын ұмытпаңыз. Қолдан келер көмегіңіз болса аянып қалмаңыз. «Адамнан қайтпаса, Құдайдан қайтады» деген бар емес пе?!

Шаян
Қызмет орны қызу тартыс алаңына айналмақ қаупі бар. Сіздің ұстанымыңыз «тек жүрсең, тоқ жүресің» болсын. Қарсылас екі жаққа да бейтарап қалғаныңыз жөн. Мүмкін екі тарапты бейбіт келісімге шақырып көрерсіз.

Арыстан
Әсершіл, сезімтал көңіл-күйдесіз. Өткінші әсерге берілмей, бәрін ақыл таразысына салып шешсеңіз жөн. Әйтпесе жақын жандарды өкпелетіп алып, өз-өзіңізге келе алмай біраз әуре-сарсаңға түсуіңіз ықтимал.

Бикеш
Денсаулықтағы әлде бір кінәрат мазалап дәрігер алдына баруыңыз мүмкін. Әлдебіреулердің «айдап салуымен екінші жартыңызға «қараптан қарап» кінә артудан сақтаныңыз. Жеке жағдайдағы осындай «көңілдің кейбір кездері» болмаса, апта бір сарынды өтпек. Қаржылық бастамаларға баруға болады.

Таразы
Біраздан бері сыйлас болған әлдебіреумен қош айтысуға тура келеді. Оның орны сіз ойлағандай аса қадірлі болмауы да мүмкін. Сондықтан сезімге бой алдырмасаңыз да болады. Өмірде жаңалықтар болып тұруы керек.

Сарышаян
Сізге біреу ұнап, оны білдіре алмай жүрсеңіз сыр-сандықты ашсаңыз болады. Жалпы, бұл аптада қай тарапта да белсенділігіңіз құпталады. Нәтижесі көп күттірмейді.

Мерген
Қызмет барысындағы жүктемеңіз еселей артып шаршаңқырап қалуыңыз мүмкін. Дегенмен, отбасы Жақын жандардың қолдауы сіз үшін сарқылмас қуат көзі болмақ. Сондықтан жауапкершіліктен басыңызды ала қашпаңыз.

Тауешкі
Өткен шақтағы «кездеспей кеткен бір бейнемен» ұшырасып қалуыңыз мүмкін. «Кездесуден от тұтап, қоштасуға қорықтық» деген сіз болмаңыз. Қимастықты сыйластықпен шектеңіз. Осы шақтың жауапкершілігін естен шығармаңыз.

Суқұйғыш
Жаңа бастамаларыңыз табысты болмақ. Өз көзқарасыңызды білдіруден тайсалмаңыз. Сүйіспеншілікте де өз мүддеңіз болуы мүмкін жағдай көңіліңіз қаламайтын іске бармаңыз. Мен дегеннің бәрі менмен емес.

Балықтар
«Жаныңда жүр жақсы адам» дегендей, маңайыңыздағы мыңдардың бірі жақын аралықта жақын досыңызға айналуы мүмкін. Әріптестердің қолдауы, басшылықтың оң көзқарасы бұл аптадағы жақсы әсерлерге себеп болмақ.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған