- Жаңалықтар

1-сыныпқа қабылдау ережесі өзгерді


Ресми дереккөздерінде жарияланғандай, бірінші сынапқа қабылдау тәртібі өзгерді. Қарапайым тілмен айтқанда, бұрын қыркүйектің біріне дейін 6 жасқа толмаған бала келер жылға қалатын болса, енді олай емес.
Яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар ағымдағы жылдан бастап 1 сыныпқа бара алады. Өйткені балалар күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толып, мектепке қабылдану құқығына ие болады.
Сонымен қатар, қандай мектепті таңдасаңыз да ерік өзіңізде. “Білім алушының ата-аналары немесе заңды өкілдері білім алу үшін кез-келген білім беру ұйымдарын таңдауға құқылы. Білім беру ұйымы қабылдаудан бас тартқан жағдайда білім алушының ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері жергілікті білім басқармаларына шағымдануға құқылы” деп хабарлаған тиісті министрлік.
Тағы бір айта кетерлігі бірінші сыныпқа қабылдауға қажетті құжаттар тізімінен мекенжай анықтамасы алынып тасталған.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған