- Бəрін білгім келеді

Пияздың пайдасы


Ас үй сөресінде үнемі тұратын пияздың адам денсаулығына пайдалы екенін баршамыз біле бермейміз, тіпті мән бермейміз де. Ежелгі шығыс халықтарында “пияз еккейсің, азап шекпейсің” деген қанатты сөз бар. Бұл пияздың шипалық қасиетінің адамдарға ежелден белгілі болғанын көрсетеді.
Ауру тудыратын микробтарға әрі ағзадағы әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылықты күшейтетін фитонцидтер пиязға емдік күш береді. Пияз фитонцидтерін баспа, тұмау, маңқа кезінде иіскесе, шипасы бар. Пияздың сөлі қақырық түсіріп, жөтелді басуға көмектеседі. Балға немесе қантқа тең мөлшерде қосып бұқтырылған пияз жөтелге, өкпе туберкулезіне қолданылатын халық емі болып табылады. Пияз ас қорытудың шіріткіш процестерін басумен қатар, зиянды микроорганизмдердің өркендеуіне кедергі болады. Үгілген пияздың шырынын жараны жазатын дәру, терінің қышып, қабынуына қарсы ем ретінде пайдаланады. Езіліп піскен пиязды тырнақтың саңырауқұлақ ауруларына, ал жас пияздың сөлін сүйелдерді жою үшін пайдаланады.
Суық тиіп ауырғанда немесе жөтелгенде пиязды қыша қағазы орнына компресс ретінде қолдануға болады. Ол үшін әбден ұсақталған шикі пиязды кеудеге қойып, үстіне полиэтилен қағазын жабады.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған