- Бəрін білгім келеді

Қаныңыз қай топ?


Адамның туа біткен қабілет-қарымын, оның мінез-құлқын қанның қай топқа жататынына қарап анықтауға болады екен.
Жапон ғалымы Шотитаке Комидің зерттеу қортындысы осындай тұжырым жасауға негіз болып отыр. Егер өзіңіздің қай қан тобына жататыныңызды білсеңіз, байқап көріңіз?
І топ. Сіз басшы болуға ұмтыласыз. Көздеген мақсатыңызға жетпей қоймайсыз. Оған жетудің жолдарын да білесіз. Өз күшіңізге сенімдісіз. Сөзбен айналдырудың да шеберісіз. Осал тұсыңыз: өте қызғаншақсыз, кеудемсоқтық та кездеседі.
ІІ топ.Сіздің жаныңыз жарасымдылыққа әуес, тыныштықты жақсы көресіз. Ортада жақсы тіл табысасыз. Шыдамды, ақкөңіл жансыз. Осал тұсыңыз: бірбеткейлігіңіз, бей-жай қалыпқа түсуіңіз қиын.
ІІІ топ. Сіз үнемі өз дегеніңізбен жүресіз. Қандай жағдайда да сол ортаға тез бейімделесіз, қиялшылсыз. Тәуелсіз боламын деп кейде артықтау кетесіз.
ІV топ. Байсалды қалпыңызбен айналаңызға жағымдысыз. Әдептісіз. Көпшіліктің көңілін таба білесіз. Кейде тым қатты кететініңіз де бар. Бір шешімге келуде ұзақ ойланып-толғанасыз. Негізі, қолыңыздан бәрі келеді.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған