- Бəрін білгім келеді

Сарымсақтың пайдасы көп


Жазда мезгілдік аллергияның қозатыны белгілі. Көз бен мұрынның тынымсыз дуылдап, шаң-тозаң мен күн сәулесіне аллергиясы барлар бұл уақытта күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалатыны белгілі. ХХІ ғасырдың сырқаты деп танылған аллергияны емдеу үшін сарымсақтың тигізер пайдасы орасан зор.
Негізі, көбісі иісін жақтыра бермейтін сарымсақтың сіз біле бермейтін пайдасы көп. Ендеше, біле жүріңіз…
Сарымсақтың құрамында болатын екі антибиотик он бес түрлі кінәратты бактерияларды құртады екен. Сарымсақтың тәбетті ашатыны, бас ауруын басатыны, салқын тигенде ем екені ежелден белгілі. Қазір ревматизм, гепатит ауруларына қарсы, зәр жүргізіп, қақырық түсіретін, баспаға, тұмауға қарсы шипасы бар екені де халық ем-домынан белгілі. Кейінгі кезде сарымсақ қанның артериялық қысымын азайтып, қандағы холестерин деңгейін төмендетіні, қан тамырларында тромбылардың пайда болуына қарсы әрекет ететіні мәлім болды.
Бүгінгі уақыттың “ауруына” айналған аллергия сарымсақтан қорқатын болып шықты. Оның бір үлесін бір-екі қасық қайнаған суға үгітіп, тамақтан кейін 3-4 реттен қабылдаса, бір аптадан кейін сауығып кетесіз.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған