- Жұлдызым жоғары


Тоқты
Ойдағыдай болмаса да табысы, апта басы қызу еңбек барысы… Бейсенбіде көңіл нілдей бұзылып, кейбіреудің тоқырайды шабыты. Отбасының ойластырып пайдасын, жайғастырып оны-мұны шаруасын, отырмақсыз жексенбіде жайланып, бұған ешбір күмәніңіз болмасын.

Торпақ
Жауынгердей жауға шапқан атойлап, апта басы небір ерлік жасалмақ. «Ұлы ерлік» ұқсап кетіп жүрмесін, дегенге, «шаш ал, десе бас алмақ»… Не болса да «әлін білмес әлекке», (көпшілікке керек әркез келеке). Қарекетті ыңғайлаңыз сондықтан, кесіп-пішіп мүмкіндік пен қажетке.

Егіздер
Сәтті де көңілді апта, той-думан сіздің жақта. Төріне шақырады, алтын үй, күміс қақпа… Ұзаса ойын-сауық, әрине іске қауіп. Істі де реттемексіз, ынта мен уақыт тауып.

Шаян
Шабытты шақ шығармашыл жандарға, шашты түзеу, торт пісіру балдарға… Мүмкін місе тұтпауыңыз мұны да, «шабытты шақ сирек келер шынында». Деген оймен қанаттанып сапарға, ауыл-аймақ, бәлкім көрші шаһарға, жол тартсаңыз ішіп-жемді байқаңыз, улану қаупі барын айтамыз.

Арыстан
Сыр сандықтан құпиялар, жұмбақтар санаңызға салған болар сан қатпар… Күмәнді ойдан арылуға тырысып, үйіңізге жаңа жиһаз құрысып… Көңіл бөліп жақындарға жайдары, асықпай ақ әшкерелерсіз айланы…

Бикеш
Ермек іс тауып алып жаңадан бір, және де ұшырасып жаңа досқа. «Америка ашып» алып, қаладан бұл, шалқыма шақта жүрсіз осы тұста. Қиындық деген ұмтылып, көңіл-құсы шырқау көкке ұмтылып. Әр күнді мән мен сәнге толтырады, арманға жеткізетін ұлы тірлік!..

Таразы
«Еңбекке қарай бермегі болмай іс өнбес, отырса бекер, «піс қазан» қашан пісер деп. Қаракет ету керек-ақ қазір пайдаға, құрсын тірлік, күн кешкен күнде лекерлеп…» Осындай ойға тас түйін бекініп ап, ізденіс жасап, бойдағы күшті байқарсыз. Екпінмен барып апта соңына жетіп ап, демалыс аяңдап үйге қайтасыз.

Сарышаян
Әуе күштері болыспақ сізге, жасздағы жоспар қалмайды күзге. Бәсекелестің бәрінен озып, жеңімпаз болу – міндетті түрде! Сәттілік дәйім сізбенен бірге, ойдағы болмақ үйде де, түзде. Не істейсіз басқа несібелі жан, тағдырдың сыйын тартудан өзге?..

Мерген
«Табыстың кілті талап, еңбекке табылмай, шақшадай басым шарадай, әзер жырламай… Шіркін-ай, шіркін, құдайым өзі қарасып, көктен іздегенім табан астынан табылғай…» дегендей оймен жүргенде шаршап шалдығып, үміттің үні жетеді сізге «қарлығып». Алдағы күндер сүйінші хабар күтіңіз, алыстан жетпек, таң қылып…

Тауешкі
Бүгін де, ертең тағы, отбасы, туыс қамы мазалап тыным бермес. Ұғыспай, ұрысқаны, басқа да жұмыстары… Шат, шолжың бала-шаға, жайыңа қарасар ма? Шүкірлік дейсіз бірақ, бары осы – ірілі-ұсақ.

Суқұйғыш
Апта да, күндер әр алуан, мойын бұрғызбас мың «арман». Басшылық қолдап, дос демеп, ойға алған істер істермек. Шалдығып-шаршап соңыра, жеткенде апта соңына. Табылмас уақыт тынымға, үйде де тола шаруа…

Балықтар
Бұйығылық бір күні бұлқынысқа ұмтылып, мекенінде тудырады толқыныс. Айналасы бола қоймас қым-қуыт. Тек кейбірі күрсініп, ал кейбірі қорсынып, білдіреді сезімнің сияғын. Бұл әлемді селт еткізбес ұяң үн… Ұнамсыздық болса егер тұрағың, үнсіз ғана ұзағың…

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған