- Бəрін білгім келеді

Тұздың көмегі көп

Астың дәмін келтірер тұздың күнделікті өмірде пайдасы аз емес. Ай үй ханшайымы – қыз келіншектерге тұздың көмекке келер тұсын кеңес ретінде жариялағанды жөн көрдік…
– Печенье пісіретін болсаңыз, пеште күйіп кетпес үшін табаның түбіне аздап тұз сепкен жөн.
– Жарылған жұмыртқаны пісіргіңіз келсе, ағып кетпес үшін тұзды суда қайнатыңыз.
– Кілемнің үстіне бірнеше уыс тұзды сеуіп, сонан соң шаңсорғышпен тазаласаңыз, кілем жақсы тазарады.
– Жұмыртқаның ағын әдемі араластыру үшін кішкене ғана тұз қосыңыз.
– Ыдыста шайдан қалған дақты кетіруге ыстық тұзды су көмектеседі.
– Кесілген алма қарайып кетпс үшін оған аздап тұзды су себіңіз.
– Бір шымшым тұз сүтті ашып кетуден қорғайды.
– Кесілген пиязға тұз сеуіп қойсаңыз, жаңа кесілген қалпын сақтайды.
– Сүт күйіңкіреп кетсе, аздап тұз қосып, суытыңыз. Дәмі жақсарады.
– Киімдегі сия дағын лимон шырынында ерітілген тұзбен кетіруге болады. Ерітілген тұзды жағып күн сәулесіне кептіресіз. Сәлден кейін дақтың ізі де қалмайды.
– Жаңа шойын табаны пайдаланбас бұрын тұз қыздырып алсаңыз, ешқашан тамақ күймейтін болады.
– Тамақ ауырғанда ауызды тұзбен шайыңыз.
– Қатты тұмауратқанда мұрынмен жылы тұзды суды ішке тартыңыз. Көмегі көп.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған