- Бəрін білгім келеді

Ыстықтан қалай қорғанамыз?


Шілденің ми қайнатар ыстығы мен аптабы мезі етіп те жіберді. Алайда «күн ыстық» екен деп, көлеңкеде отырған ешкім жоқ. Еңбек демалысын алып, курортқа кетіп қалғандар болмаса, ыстық күні тыным таппай жүргендер аз емес. Ендеше, шілде ыстығынан қалай қорғану керек кеңесті жадыңызға түйіп алыңыз. Себебі, ыстықтың да зияны бар.
Біріншіден, салқын су ішпеңіз. Салқын су ыстықты баса алмайды, керісінше термен бірге шығып кетеді. Газды сусынды тіпті ұмытыңыз. Ең ауасы көк шай. Көк шайға жалбыз, лимон қосып, ішсеңіз шөлдетпейді.
Екіншіден, ысты күні далада көп жүрмеңіз. Сыртта көп жүруге тура келгенде көлеңкемен ғана жүріңіз.
Үшіншіден кез-келген орамалды салқын суға бір сығып алып мойныңызға салып жүрсеңіз, ыстықта сергек жүресіз.
Төртіншіден, даладан кірген бойда тобығыңызға дейін салқын сумен жуыңыз.
Бесіншіден, күндіз ұйықтауды әдетке айналдырыңыз. Аз да болса ұйықтау, дене температурасын төмендетуге ықпал етеді.
Алтыншыдан, ішімдіктен аулақ болыңыз. Ыстық күні ішімдік ішу өте қауіпті. Соынмен қатар ұйықтар алдында ет жемеңіз.
Жетіншіден, ыстықтап келіп, салқын сумен жуынбаңыз. Мүмкіндігінші жылы сумен жуыныңыз. Суық су қан тамырларын тарылтады.
Сегізіншіден,еденді салқын сумен жиі-жиі жуып тұрыңыз.
Тоғызыншыдан, жаздыгүні бір мезгіл жалаң аяқ жүруді әдетке айналдырыңыз. Денсаулыққа пайдалы.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған