- Бəрін білгім келеді

Әйелдерге сегіз кеңес


1.Қыңыр болса да жақын адамдарыңмен қарым-қатынасыңды түзу ұста, әсіресе, қандай адам төзгісіз болса да ата-анаға қарсы шықпа.
2.Көмек сұраған адамға өз дәлеліңді тықпалама, тіпті, дұшпаның болса да кеңпейілділік таныт. Егер өтінішінен бас тартсаң, ең болмағанда мұны сыпайы білдір, тәкаппарлық көрсетпе.
3.Ойланбастан әрекет жасама, ашуға бой алдырма. Мұндай кезде нағыз ақылды әйел әуелі жақсылап ойланатынын ұмытпа.
4.Ақылды әйел «аш болмаса, аңға шықпайды». Қауіпсіз кездің бәрінде ол өте сыпайы, сүйкімді және тіл табысқыш.
5.Жалпы ереже: өзінен кішілерді, яғни әлсіздерді ренжітуге болмайды. Өзіңе лайық қарсылас тап.
Жалған кішірейме
6.Бет терісін немесе шашты қалай жақсы күтуге болатыны жөнінде қоғамдық көліктегі бейтаныс адамның «достық» кеңесіне ешқашан сыпайы күлімсіреп жауап беруге болмайды.
7.Шаштаразға кешкі сән үлгісін жасатуға барып, ойдағыдай болмай жының кеп тұрғанда «бәрі жақсы» деп жақауратудың қажеті жоқ.
8.Саған дауыс көтергенде үндемей, көзіңді төмен салып тұруға мүлдем тыйым салынады. Қандай жағдайда болса да ең дұрысы, сабырлы түрде мұндай ырғақпен әңгімені әрі қарай жалғастыруға қарсы екеніңді ескерт.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған