- Рухани жаңғыру

«Тарих толқынында» Аралда болды


Туған өлке тарихындағы маңызды тарихи-мәдени мұрамызды сақтау, дамыту және оны өскелең ұрпаққа таныту мақсатындағы «Тарих толқынында» атты тарихи-танымдық экскурсия Арал ауданында жалғасты. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткен экскурсияға «Рухани жаңғыру» орталығының мамандары белсене атсалысты. Экскурсиялық топ әуелі Арал аудандық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Мұражайға келушілер өлке тарихына қатысты тарихи-саяси маңызды оқиғалармен, аудан тарихының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар өмірімен, Арал теңізінде өмір сүрген балық, аң-құстармен, балықшылар қолданған құрал-саймандармен және т.б. аудан өміріне қатысты тарихи-мәдени мұралармен танысты. Аудандық мектеп оқушыларынан құралған саяхатшылар одан әрі Ақирек тауында орналасқан бабтардың бабы, Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстанбабтың зиратына зиярат етті. Арыстанбабтың рухына құран бағыштап, шырақшының баб жайындағы аңыз-әңгімелерін қызыға тыңдады.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған