- Жұлдызым жоғары


Тоқты
Мәселенің шешімін тауып ерек, жақын жандарға жасайсыз ғайып көмек. Абырой, беделіңіз арта түспек, орайын келтіреді осы себеп. Кірісіп кеткен шақта жүректі іске, аса салмақ салмаңыз білек күшке. Қаракет ол шемделсін әлге қарай, орта жолда қалмасын орындалмай…

Торпақ
Қолыңыз бос,ал жағаңыз жайлауда. «Жұлдызыңыз сауық кештер сайлауда…» Жақын күндер демалысқа шықпаңыз, салқын самал, саф ауалы қойнауға… Сергек көңіл шат сейілді қалайды, тастай қашып шаһардағы сарайды. Сая іздеп табиғатты мекеннен, бәлкім бір-ақ шығуыңыз шетелден.

Егіздер
Мың сан шаруа қат-қабат, бейсенбіге дейін сірә, тоқталмас. Демалыста демалуғамұрша жоқ. Үйде-дағы күткен шаруа сонша көп. Аяқтаңыз үйдің жөндеу жұмысын, жақындар да беріп қалар қол ұшын. Міндеттерден босағанда діттеген, шаруа да килігеді күтпеген.

Шаян
Бәлкім бұл игі істің бастамасы, іс сапар саяхаты апта басы. Апта соңы өзіңіз қалағандай өзіңізге қызмет топтамасы. Дүкендерді шабуылдау рахаттанып, достармен басқосулар масаттанып.
…Армандағы шат әлем, жарқын тұрмыс, тан қылмақ, табан асты тақап қалып.

Арыстан
Беймазалықтан аулақтап, сабырмен ойды салмақтат. Парасат орнап пайымға, алысты барлап, аумақтап… Кеңейіп көңіл өрісі, көбейіп еңбек жемісі. Көрерсіз осы аптада, өмірдің жайлы желісі…

Бикеш
Демалыс та демалыс бермей ойға, селт еткізбей сезімді думан-тойда, жаныңызда болғанмен жақын жандар, бір өзіңіз қалғандай бір қиырда… «Құрбан боп» құбылмалы көңіл-күйге, сүреңсіз көрінеді өмір кейде… Мәселелер шешіліп майда-шүйде, «жан дүние жөнделмек» бірер күнде…

Таразы
Өзіңізге арнайсыз бұл аптаны, ақтарып, жинастырып шкафтарды. Кітап оқып, немесе шұлық тоқып, әрнені ермек етіп, түртіп, шұқып… Еріншектік басса да ештеңе етпес, сізді жалпы «жалқау» деп ешкім сөкпес. Той барыңыз немесе театрға… бұл аптаны тиіссіз ұнатуға.

Сарышаян
«Ауырдың үстіменен, жеңілдің астыменен» жүріс жоқ бұдан былай, салтанат, керней, сырнай, даңғаза қалды артта. Ашылмақ қандай қақпа? «Еңбекпен етті ауыртпай», жеміс жоқ осы шақта.

Мерген
Ағайынның амандығын сұрап, дос-жаранның бастарын құрап, әріптеске ілтипатпен ұнап, жинамақсыз рухани қуат. Игі іске уақытты мол арнап, ұтылмайсыз әлбетте, әсте. Бұл игілік ертеңмен жалғас, өтеледі керек болған сәтте.

Тауешкі
Әлдеқалай, әлдебіреу, әлдене, көңіл-күйді бұзады. Реніш толып кеудеге, баса алмай қызба ызаны, ұшырап біраз толқуға, ықыластанбай «қайтуға»… Аптаның соңы бірақ та, арналған сізге шалқуға…

Суқұйғыш
Кеңес сұрап, жөн сұрап, қаумалайды қалың жұрт. Болмаса да ешқандай дәрежеңіз ғалымдық. «Ақылдымын, ерекпін, айналама керекпін» деген ойға маталмай… шын данагөй дақпыртсыз игілікті жасар жай.

Балықтар
«Сын түзелмей, мін түзелмес», «Түзелгісі келсе шын кім түзелмес?..» Осы болмақ апта бойғы әңгіменің арқауы, ыснға алып бейнеткешті, жалқауды, сынға алып, момақанды «қорқауды»… Ақырында сын жебесі өзіңізге қадалар оқиғаның шырқауы…

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған