- Рухани жаңғыру

ЕЛОРДА МЕН ЕЛБАСЫ – ЕГІЗ ҰҒЫМ


Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қолдауымен іргелі оқу орнының оқуда озат, өнерде дара, қоғамда белсенді және спорт саласында түрлі жетістікке жеткен студенттер таңдалып алынып, Елордамызға экскурсия жасады. Аталмыш шара шілде айының 12-15 күндерін қамтыды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған танымдық саяхатта білім алушылар еліміздің бас ордасындағы көрікті жерлерге тұрақтады. Астана қаласының бейресми символына айналған «Бәйтерек» монументінен бастау алған экскурсия «Казақстан Республикасы Ұлттық музейінен» аяқталды. Өз мақсатында орын алған шарада студенттер тарихи ғимараттармен танысып, тас дәуірінен басталған бүгінгі Елордаға дейінгі тарихи жәдігерлерді көзбен көрді һәм рухани байыды. Экскурсия қатысушыларына жетекші болып университеттің Студденттер Кәсіподақ комитетінің төрағасы Шәкизат Қаратайұлы барды.
– «Шараның негізгі мақсаты университетіміздің ағымдағы жылғы жоспары шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Астана қаласына экскурсия ұйымдастыру болатын және біз оны бүгін орындадық. Өз бойындағы ерекше қабілетпен қатар озық үлгі танытып жүрген оқу озаттары мен белсенді де өнерлі студенттеріміз жасалған жұмысқа дән риза. Тек көрнекті жерлерді көріп қана қоймай ел тарихымен терең таныстыруды да негізгі бағыт етіп алдық» , – деп саяхаттың мақсатын түсіндірді.
Аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің қызметкері Ж.Әділханова
Қорқыт ата атындағы ҚМУ журналистика факультетінің студенті Ш.Жалғасбекұлы

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған