- Жұлдызым жоғары

Аптаның қай күні дүниеге келдіңіз?


Егер сіз дүние есігін ашқан күніңізді білер болсаңыз, онда өз мінез-құлқыңызды пайымдауға болады. Аптаның әр күніне сәйкес мінезді өз бойыңыздағы іс-әрекетпен салыстырып көріңіз…
Дүйсенбі
Ер. Аса сезімтал, ойлау қабілеті бай, әрқашан адамдармен, әсіресе нәзік жандармен тіл табысып, сөйлескенді жақсы көреді. Ол махаббатта түсінісуге, мейірімділікке мұқтаж. Жалғыздық оған жат. Сырттай байсалды көрінгенімен, ішкі жандүниесінде үрей басым, өзімен бірге махаббатын бөлісе алар адамды таба алар ма екен? Оны осы сұрақ көп мазалайды.
Әйел. Дүйсенбіде дүниеге келген нәзік жандар қиялы ұшқыр, сезімтал. Көнбіс, кез-келген ортаға бейімделуге қабілетті. Оған жалғыз өмір сүру қиын, ол әрдайым жүрегін тыңдайды.
Сейсенбі
Ер. Әзіл-қалжыңынан, күлкісінен, өмірдің келеңсіз жақтарын өзінен алшақ ұстайтын әрекетінен бұл жанның жақсылыққа құмар екенін байқауға болады. Олар әрдайым ойнап-күлгенді жақсы көреді.
Әйел. Ақылдылығымен, шынайы сезімімен және еркін ойлылығымен еліктіреді. Тек махаббаттағы бірқалыптылықтан қорқады.
Сәрсенбі
Ер. Намысшыл адам. Оған сенуге болады. Егер ол сүйсе, жан-тәнімен сүйеді. Ілтипатты, зерделі, тыныш өмірді қалайды.
Әйел. Сезімтал, нәзік. Махаббатта сенімділік, шынайылық, тұрақтылықты қалайды. Бір көргеннен ғашық болу дегенге сенбейді.
Бейсенбі
Ер. Өмірдің барлық сан-саласын, қыр-сырын білуге құмар. Отбасылық өмірдің қиындығынан қорқады. Терең сезімнің адамы. Дегенмен көңіл-күйге қарай мінезі құбылып тұрады.
Әйел. Шыдамсыз. Ер-азаматтарды табиғи сүйкімділігімен баурап алады, шектен тыс бақылауды ұнатпайды.
Жұма
Ер. Әртіс. Оның ырқына көну мүмкін емес. Мейірімділік және жұмсақтық оған тән. Ол өзгенің өзін ұнатқанын, қамқорлық жасағанын сезінгісі келеді.
Әйел. Табиғатынан арманшыл. Әдемілігімен баурап алады. Нәзіктігімен, сезімталдығымен еліктіріп әкетеді. Өзін жұбатқанды, жағдайын жасағанды жаны қалайды.
Сенбі
Ер. Тәуелсіз. Жалғыз тұруға икемді. Тұйық, өзінің сезімін ақтара бермейді. Ең қиыны, әйелдерге деген сенімсіздігі басым.
Әйел. Тұйық, жұмбақ. Ғашықтығын мойындай бермейді. Сезімі қайнар бұлақтай қайнап жатса да бірқалыптылығын жоғалтпайды.
Жексенбі
Ер. Өзіне сенімді. Отбасында қамқоршы. Өзіне айтылған мақтау сөздерді тыңдауды қатты ұнатады, қошеметті жақсы көреді.
Әйел. Қажырлы, қайратты. Әуесқойлығы басым. Ғашық болып қалса да сезімін мойындауға өркөкіректігі жібермейді. Ол үнемі қозғалыста, отбасындағы қозғаушы күш.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған