- Бəрін білгім келеді

Күріштің денсаулыққа пайдасы


Кәдімгі қарапайым күріштің асқазан үшін пайдасы мол. Күріш асқазанды түрлі уыттан сақтайтын тағам түрі. Күріш теріні тазартып, бауырдың жұмыс жасау қызметі мен зат алмасу процесін жақсартады. Осы орайда шығыс медицинасының күрішпен емдеудің қарапайым әдісін ұсынғанды жөн көрдік…
Күрішті жасыңызға байланысты пайдаланасыз. Мәселен, жасыңыз 30-да болса, 30 ас қасық күрішті жақсылап жуып, банкіге салыңыз. Сосын күріштің үстіне қайнаған суды жылы күйінде құйыңыз да қақпағын жауып, тоңазытқышқа қойыңыз. Таңертең банкідегі суды төгіп, бір ас қасық ғана күрішті алып, 3-4 минут қара суға қайнатыңыз. Тұзсыз, еш қоспасыз қайнатыңыз. Асылған күрішті аш қарынға жеңіз. Ал банкіде қалған күріштің үстіне тағы да қайнаған жылы су құйып, тоңазытқышқа қойыңыз. Сөйтіп, күн сайын бір ас қасық ғана күрішті пайдаланыңыз. Күрішпен емделу сіздің асқазаныңызды, теріңізді тазартады және жасартады. Бір ескеретіні, күрішті жегеннен кейін 3 сағат ештеңе ішпеу қажет. Ем болсын!

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған