- Жаңалықтар

Байқоңырда халықтық спорт ойындары басталды


Байқоңыр қаласында Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесіне арналған VI облыстық халықтық спорт ойындарының салтанатты ашылуы өтті.
Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай алтыншы мәрте ұйымдастырылған спорттық бәсекеге Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 9 команда, 1000-нан аса спортшы бақ сынасуда.
Сайыс спорттың 12 түрінен волейбол, стрит воркаут, жағажай волейболы, стритбол, шағын-футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, гір спорты, қол күресі, үстел теннисі, Президенттік көпсайыс, асық атудан өтуде.
Жарыс нәтижесінде жеңіске жеткен спортшылар үстіміздегі жылдың 21-25 қыркүйекте Маңғыстау облысы Ақтау қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін республикалық халықтық спорт ойындарына қатысады.
Айта кетейік, биылғы жарыстың ерекшелігі – спорт түрлерінің қатарына стрит воркаут, жағажай волейболы, стритбол енгізілді.
Жарысты ұйымдастырушылар Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Байқоңыр қаласының мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасы.
Айтулы спорт ойындары 29 шілде күні мәресіне жетеді.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған