- Спорт

Сырдарияда волейболдан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталады


Үстіміздегі жылдың 6 қыркүйек күні Сырдария ауданының орталығы – Тереңөзек кентінде волейболдан 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталады. Биыл жиырмасыншы мәрте өтетін турнир ауданның 90 жылдығы аясында ұйымдастырылуда.
Турнирге Астана, Байқоңыр, Шымкент қалаларынан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстаннан 20 команда 300 –ден аса спортшы бақ сынасады. Жарыс ережесіне сәйкес командалар төрт топқа бөлініп ойнайды.
6 қыркүйек күні сағат 10.00-де жарыстың салтанатты ашылуы өткізілсе, 10.30-да жарыс басталады. Доданың ақтық ойындары сенбі күні өтеді.
Жеңімпаз, жүлдегер командалар грамота, медаль, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған