- Жаңалықтар

Жаңа басқармаға жаңа басшы тағайындалды


Бултанов Дидар Қымызбайұлы Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Д. Бултанов 1976 жылы туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» және «Фемида» заң академиясын «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Бас есептеу орталығының инженер-математигі лауазымында бастады.
2002-2012 жылдары жеке және квазимемлекеттік секторларда жауапты қызметтер атқарған.
2012-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің прокуроры, аға прокуроры.
2017 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде Ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің бастығы қызметін атқарып келді.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған