- Бəрін білгім келеді

«Қызылша» салаты


Дәруменге толы қызылша көкөнісінен жасалатын қыстық салаттың бұл түрін жасау үшін: 6 келі қызылша, 3 келі тәтті бұрыш, 3 келі қызанақ, 3 түйір ащы бұрыш (чили бұрышы), 3 бас сарымсақ, 1 литр өсімдік майы.
Дайындалуы: Салатқа қажетті барлық азықты еттартқыштан өткізіп аламыз. Әрқайсысын бөлек-бөлек ыдыстарға саламыз.
Үлкен қазанға өсімдік майын қыздырып, үстіне қызылшаны салып 40 минут қайнатамыз. Міндетті түрде араластырып отыру қажет. 41 минуттан бастап қызылшаның үстіне тәтті бұрышты салып тағы 20 минут қайнатамыз. Қайнатпаның асты жабысып қалмас үшін араластырып отырамыз. 21 минуттан бастап қызанақты саламыз. Қазанды тағы 20 минут қайнатамыз. Мұнан соң ащы бұрыш пен сарымсақты салып жай отта 20 минутқа қоямыз.
Дайын болған салатты суытып барып, стерильденген банклерге жабамыз.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған