- Бəрін білгім келеді

«Ассорти» компоты


Бұл компотты жасау арқылы қолыңызда бар жеміс-жидектерді үнемдеуге болады. Сонымен компотты жасауға келер болсақ.
Қажетті заттар: 20 литр компот жабу үшін үлкендеу алмадан 10 дана, 5 дана алмұрт, 40 дана қара өрік (шамамен 1,5-2 келі) 1,5 келі жүзім (әр банкаға 8 данадан келеді) және 2 келі қант.
Дайындалуы: Алдымен үлкен кастрөлге 20 литр суды қайнатып қоямыз. Жеміс-жидектерді жақсылап жуып, алма мен алмұртты төрт бөлікке бөліп, дәндерін алып тастаймыз. Жүзімдерді де сабағынан ажыратамыз. Стерильденген банкаларға бір алманың 4 бөлігін, алмұрттың 2 бөлігін, 4 қара өрік және 8 жүзімнен салып шығамыз. Қайнаған суды банкаларға құйып, қайнатылған қақпақтармен жай жауып, жарты сағатқа қоямыз. Жарты сағаттан соң банкалардағы суды қайта кастрөлге құйып (жемістері банкада қалады) литріне 200 грамм деп есептелген қантты қосып қайта қайнатамыз. Қайнаған суды қайта банкаларға құйып, жабамыз. Банкаларды төңкеріп, жылы орап қоямыз. Сонымен «Ассорти» компоты дайын.

Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған